Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған кітап жарық көрді

13.09.2025
РУХАНИЯТ
Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған кітап жарық көрді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, өнер ордасының жарты ғасырлық тарихына арналған кітаптың тұсауы кесілді. Бұл мерекелік шараға көрнекті өнер қайраткерлері, еліміздегі театрлардың өкілдері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылары, жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының атынан конференцияға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қоғам өміріндегі театр өнерінің маңызына тоқталып, Бикен Римова атындағы театрдың жарты ғасырлық белесіндегі іргелі жетістіктері мен еңбек сіңірген айтулы тұлғалардың еңбегін атап өтті.

Осындай ғылыми-танымдық конференциялар — біз үшін өткенімізді жаңаша пайымдауға, өнер мен ғылымның арасындағы байланысты нығайтуға жол ашатын маңызды шара. Сондықтан да мұндай кездесулердің өнертану бағытындағы рөлі зор деп есептеймін. Ұлттық мәдениетіміздің терең тамырын тануға тың серпін беріп, жаңа ізденістерге жол ашарына сенімім мол, – деді Д. Есдәулетов.

Мұнан соң театр тарихына қатысты құнды мәліметтерге толы кітаптың тұсауы кесілді. Жинақ театр актерлары мен режиссерлары, репертуары, қойылымдардың көркемдік деңгейі, жалпы ұжымның елу жылдағы шығармашылық еңбегі жайлы сыр шертеді.

Басқосуда Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртістері Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Кәденова, Алмахан Кенжебекова және басқа да өнер иелері құттықтау тілектерін жеткізді.

Театртанушы, өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Бақыт Нұрпейіс Бикен Римова атындағы театрдың шығармашылық белестерін айшықтайтын негізгі баяндамасын оқыды. Ол өз сөзінде руханият ошағының елу жылдағы қалыптасу мен даму жолын бірнеше кезеңдерін жіктеп, талдау жасады. Соның ішінде, репертуарды жанрлық жағынан байыту, режиссерлік шешімдер, актерлық ізденістер жайына кеңінен тоқталды. Осы ретте атап өтсек, 1975 жылдан бастау алған театр репертуары 200-ден астам қойылыммен толыққан. Қазіргі кезде 26 спектакль көрерменге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Соның ішінде қазақ және шетел классиктерінің танымал шығармалары жетерлік.

Конференция соңында қорытынды сөз сөйлеген Б. Римова атындағы драма театрының директоры Ерлік Жуасбек жиынға арнайы қатысқан өнер қайраткерлеріне ризашылығын білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

 

Қатысты жаңалықтар

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026
Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.