Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жартығасырлық жарқын жол

Жетісудың мәдени аспанында жарқырап тұрған бір шоқ жұлдыз бар. Ол – Бикен Римова атындағы драма театры. Сол өнер ордасы жартығасырлық мерейтойын атап өтті. Бұл мерей – сахна шеберлерінің ғана емес, күллі Жетісу халқының ортақ қуанышы. Өйткені театр – халықтың жан айнасы, оның қуанышы мен мұңын, арман-аңсарын айна-қатесіз жеткізетін рухани әлем.

13.09.2025
КҮНДЕРЕК, МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Жартығасырлық жарқын жол

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Елужылдық белес – тарихтың таразысына тартылған үлкен кезең. Осы уақыт ішінде сахнада жүздеген қойылым көрерменге жол тартып, мыңдаған жүрекке із қалдырды. Театрдың әр маусымы – елдің рухани жадында қалған қымбат қазына.

Жер жаннаты Жетісу аймағының қара шаңырағы Б. Римова атындағы драма театрдың салтанатты мерейтойлық шарасы фестивальге қатысушы театрлардың шеруімен ашылып, келген қонақтар өнер ордасының фойесіндегі көрмені тамашалады.

Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімі Бейбіт Исабаев театр ұжымын құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді:

– Биыл Бикен Римова атындағы драма театрының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Бұл – Жетісудың ғана емес, барша қазақ жұртының, ұлт руханиятының ортақ тойы. Мерейтой құтты болсын!

Атаулы шара дәстүрлі «Бикен фест» халықаралық фестиваліне ұласып, жалғасатын болады.

Осы салтанатты жиында халықаралық фестивальға қатысуға арнайы келген қонақтарымыз – Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және еліміздің бірнеше өңірінен театр ұжымдары қатысып отыр. Жер жаннаты Жетісуға қош келдіңіздер! Талдықорған төріндегі өнер мерекесінің басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осылай деген облыс басшысы жартығасырлық ғұмырында Жетісу театрының ізденістері молайып, көркемдік көкжиегі кеңейіп, тақырып аясы ұлғайып, қойылымдар қатары артқанын тілге тиек етті. Елу жылда қаншама өнерпаз өсіп-жетіліп, тәрбиеленіп шыққан құтты шаңырақтың ұлт руханиятындағы орнын айшықтап, өнер саңлақтарына шығармашылық табыс тіледі. Өткен жылы театр әртістерінің гастрольдік сапарға шығуына қолдау білдіріп, заманауи автобус сыйлаған еді. Биыл ұжымның өтініші бойынша жүк көлігінің кілтін табыс етті.

Елуінші мерейтойлық маусым да ел тарихындағы ең асыл мұраларымыздың бірі – Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының премьерасымен ашылды. Қазақтың мәңгілік махаббат жырына айналған бұл туындыны театр ұжымы жаңа қырынан сахналап, көрерменге тың әсер сыйлады. Бұл қойылым – мерейтойға деген құрмет қана емес, өнердің дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған тағылымды тартуы болды.

Жартығасырлық белеспен тұспа-тұс келген мерейтой биыл да облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынған халықаралық «Бикен-фест» фестивалімен жалғасын тапты. Өткен жылғы фестиваль аясында театр ғимаратының жертөлесінде кіші зал мен «Театрлар достығы аллеясы» ашылып, мәдениетке жаңа серпін берілген еді.

Фестиваль барысында, 13-17 қазан аралығында өтетін бес күндік өнер додасына Өзбекстанның «Чор-Дарвеш» Бұхара мемлекеттік музыкалық драма театры, Қырғызстанның Токтоболот Абдумомунов атындағы ұлттық академиялық драма театры, Грузияның Г. Ратиани атындағы Сухуми қаласының кәсіби жас көрермен театры, Әзірбайжанның тәуелсіз М. театры, сондай-ақ, Қазақстанның іргелі сахналық ұжымдары қатыспақ.

Жалпы саны тоғыз театрдың басын қосқан фестиваль – өнердің халықтар арасындағы достық көпірі іспетті. Әр ұжым өз қойылымы арқылы ұлттық болмысын танытып, көрерменге өзгеше әсер сыйламақ. Фестиваль барысында қойылымдарға кәсіби талдау жасалады. Қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, режиссер Досхан Жолжақсынов төрағалық етеді. Сонымен қатар, алқаның құрамына Грузия, Өзбекстан, Татарстан театрларының майталмандары кіріп, өнерге әділ бағасын бермек.

Айта кетейік, театрдың мерейтойы түске дейін Салтанат сарайында ғылыми-танымдық конференциямен бастау алған еді. Конференцияны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов ашып, арнайы келген қонақтармен таныстырды.

Танымдық шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, Қазақ КСР халық әртісі Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов, Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұржұман Ықтымбаев және елімізге танымал өнер иелері мен Қазақстан театрларының өкілдері, Қазақстан театрларының директорлары, актерлері, Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы, әртістер мен режиссерлар, жергілікті ақын-жазушылар, зиялы қауым, сондай-ақ, «Бикен-фест» III Халықаралық театр фестивалінің қазылар алқасының құрметті мүшелері қатысып, келелі ойларын ортаға салды.

Конференция аясында «Бикен Римова атындағы драма театры» атты құнды кітаптың тұсауы кесілді. Бұл – сахна саңлақтарының еңбегін жүйелеген, жас ұрпаққа өнеге етер рухани мұра.

Жартығасырлық белес – өткенді бағалау, бүгінді саралау, болашаққа бағдар жасау кезеңі. Бикен Римова атындағы театрдың мерейтойы – оның шығармашылық ұжымының ғана емес, барша Жетісу халқының рухани жеңісі. Бұл мереке арқылы өнер ордасы өз тарихын жаңғыртып қана қойған жоқ, жаңа белестерге нық қадам басты.

Театр – уақытпен бірге түлейтін тірі өнер. Жетісу сахнасының шырақшылары алдағы уақытта да көрермен жүрегінен орын алып, ұлт руханиятына қызмет ете берері сөзсіз.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.