Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.
Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.





