Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандық зейнеткер бос жатқан жерді саябаққа айналдырып, 500 түп ағаш еккен

22 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандық зейнеткер бос жатқан жерді саябаққа айналдырып, 500 түп ағаш еккен
WhatsAppTelegramFacebook

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер Серік Қожимов өз қаражатына екі гектар жерге 500 түп ағаш отырғызып, шағынаудандар тұрғындарына арналған жаңа саябақ салуды қолға алды.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткер күн сайын Сая тұрғын үй алабына жақын орналасқан жер телімінде жүреді. Осы көктемде ол пирамидалық терек пен жөкенің көшеттерін еккен. Бір бөлігін өзі өсірсе, енді бірін жергілікті питомниктерден сатып алған. Суару үшін құдық қазып, электр желісін жүргізген. Барлық шығынды өз қалтасынан көтерді.

«Бос қарап отырғанша, өзімізден кейін бір дүние қалдыруымыз керек қой. Немерелерім қуанады, балаларым қуанады, «Ата отырғызды» дейді. Жақсы ғой. Сая, Мағаджан, Заречный-1 шағынаудандары үшін мәдениет және демалыс саябағын салсақ деп армандаймыз», – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Серік Қожимов.

Уақытылы суарылып, күтім жасалған көшеттердің бәрі дерлік жерсініп кеткен. Зейнеткерге тағы бір ақтөбелік қария – Юрий Михайлович қолғабыс етіп жүр. Серік Қожимов «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы аясында билік өкілдері футбол алаңын салып, жолдар төсесе деген тілегін білдірді. Ал мұнда балалар ойын алаңы 2022 жылы бой көтерген.

Фото: Видеодан скрин

«Балалар алаңы 2022 жылы салынды. Ол үшін әкімдікке рақмет. Бірақ ұрлық та, вандализм де болып тұрады. Соған жол бермес үшін өз қаржымызға бейнекамера орнаттық, кейде өзіміз тазалық жұмыстарын жүргіземіз», – Ақтөбе қаласының тұрғыны Серік Қожимов.

Ақтөбедегі «Алматы» ауданының әкімі Рустем Үтешев келер жылы сол аумақта футбол алаңы, баскетбол алаңы және воркаут аймағын салуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Кейінірек демеушілердің көмегімен аумақты толықтай абаттандырғымыз келеді. Серік Қожимовқа алғыс білдіреміз. Ол ұйымдастырушылық көрсетіп, халықты жинап, өзі де тазалық жұмыстарына қатысады», – деді Рустем Үтешов.

Фото: Видеодан скрин

Агроном мамандығы бар Серік Қожимов өзінің білім-білігін, тәжірибесін пайдаланып, арманын жүзеге асыруға бел буып отыр. Оның бастамасының арқасында облыс орталығында тағы бір жасыл демалыс орны пайда болмақ.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.