Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері төселді

23.09.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері төселді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады. Осы тәсілдің арқасында жол жабындарының жөндеуаралық мерзімі 20 жылға дейін ұзарады деп күтілуде. Бұл Қазақстанның күрт континенталды климат жағдайында ерекше маңызды.

«Жаңа технологияға көшу қажеттілігі қазіргі жолдардың жай-күйімен байланысты. Қозғалыс көлемі жылдан жылға артып, жүк көліктерінің ағымы мен осьтік жүктемелер ұлғаюда. Бұған қоса, басты сынақ, ол — климат. Қазақстанда жазда ауа температурасы +50°С-қа дейін көтерілсе, қыста — 40°С-қа дейін төмендейді. Мұндай күрт айырмашылық дәстүрлі әдіспен салынған жабындарда жарықтардың пайда болуына, деформацияға және қалыңдау іздерінің түзілуіне әкеледі. Соның салдарынан жиі жөндеу қажет болып, шығындар артады», — деп атап өтті Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазолҒЗИ) мамандары.

«Superpave» технологиясы осындай сын-тегеуріндерге жауап береді. Ол климаттық жағдайларды және көлік ағынын ескеріп, асфальтбетон құрамын ыстықта да, қыстың суығында да беріктігін сақтайтындай етіп таңдайды. Әдісті қазақстандық жағдайға бейімдеу жұмысын «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жүргізуде. 2024 жылдан осы жылдың маусым айына дейін институт мамандары 300-ден астам зертханалық сынақ өткізді. Нәтижелер көрсеткендей, «Superpave» қоспалары ылғалға, жоғары температураға және қайталанатын жүктемелерге төзімді. Бұдан бөлек, полимер-битумды байланыстырғыш (ПББ) аймаққа сәйкес PG маркасына сай болса асфальтбетон құрамын іріктеу мерзімі 15 күннен төрт күнге дейін қысқарады. Мамандар бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеделдетіп, тездететінін атап өтті.

Жаңа тәсілдерді заңды түрде бекіту мақсатында өткен жылы Қазақстанда үш ұлттық стандарт қабылданды. Ал 2025 жылдың аяғына дейін қоспаларды жобалау ережелері мен битумдарды PG жүйесі бойынша жіктеуді қамтитын тағы бірнеше құжат дайындалады деп күтілуде.

Алғашқы сынақтық жолдар «Алматы — Көкпек — Көктал — Қорғас», «Отар — Ұзынағаш», «Қапшағай — Құрты», Астана қаласының көшелерінде, «Астана — Щучинск» және «Қызылорда — Жезқазған»  автомобиль жолдарының телімдерінде төселді.

Технологияны енгізудің жол картасы да бекітілген. Оған сәйкес, келесі жылы тағы үш учаскеде сынақ жүргізу жоспарланған. Барлық тәжірибелік нысандарға мониторинг 2027 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде «Superpave» технологиясын толық көлемде енгізу жөнінде қорытынды дайындалмақ.

Қазақстан үшін бұл технологияны енгізу стратегиялық маңызға ие. «Superpave» қатаң климат пен өсіп келе жатқан көлік жүктемесіне төтеп бере алатын сапалы жолдар салуға мүмкіндік береді. Ол жөндеу шығындарын азайтып, көлік жүйесінің сенімділігін арттырады деп күтілуде.

Дереккөз: ҚР Көлік министрлігінің ресми сайты

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.