Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытқан курс

23 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытқан курс
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған ерекше курс өтті. Курс тақырыбы – «Қазақ тілінде оқылатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» аталады.

Бағдарлама тыңдаушылардың оқылым мен жазылым дағдыларын жетілдіруге, грамматиканы коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесін терең меңгеруге негізделді. Теориялық дәрістермен қатар, практикалық жаттығулар да ұйымдастырылып, ұстаздардың кәсіби және пәндік құзыреттілігін шыңдауға мол мүмкіндік берілді.

Курстың басты ерекшелігі – шығармашыл ұстаздардың бас қосуы болды. Барлығы 22 педагог білімін жетілдірді. Оның ішінде 11-і – педагог-зерттеуші, 2-і – педагог-сарапшы, 9-ы – педагог-модератор санатындағы мамандар. Араларында ақын да, жазушы да, журналист те бар. Бұл өз кезегінде топтың рухани әлеуетін арттырып, курсты ерекше шығармашылық ортаға айналдырды.

Курсқа қатысқан Талдықорған қаласындағы №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерден Нұрахмет әсерімен бөлісті:
«Бұл курстан өзіме мол әдістемелік қор жинадым. Әсіресе грамматиканы оқушыға тек ереже түрінде емес, өмірлік жағдаяттар арқылы меңгертудің жолдарын үйрендім. Сонымен қатар әріптестерімнің тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеялар алдым. Мұндай шығармашылық орта ұстаз үшін үлкен серпіліс береді», – дейді ол.

Курсты жүргізген тренер – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, зерттеуші біліктілік санатындағы тәжірибелі ұстаз, 20 жылдық еңбек өтілі бар Калибекова Ляззат Сайлаубековна. Ол Ескелді ауданы, Маметова атындағы орта мектепте қызмет атқарады. Облыс көлемінде тұңғыш рет курс өткізген Ляззат Сайлаубекқызы бұл тәжірибесін үлкен жауапкершілікпен қатар, үйрену алаңы ретінде қабылдағанын айтады:
«Мен де сіздер сияқты практик-мұғаліммін, ұстазға не керегін жақсы түсінемін. Бұл курс ұстаздарды біліктілігін шыңдап қана қойған жоқ, ұжымдық атмосфераны сезіндірді», дейді ол.

Бұл курс қатысушылардың кәсіби дамуына ғана емес, шығармашылық ынтымақтастық орнатуына да жол ашты.

Мұхтар Күмісбек

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.