Еліміздің өңірлерінде егін жинау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады.
Бүгінгі таңда 10,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 68,2%-ы жиналып, 16,6 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер:
- 799,3 мың тонна майлы дақыл,
- гектарына 224,7 центнер өнімділікпен 1,9 млн тонна картоп,
- гектарына 298,2 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна көкөніс жинаған.
Атап айтқанда, 324,3 ц/га өнімділікпен 405,2 мың тонна қырыққабат, 412,2 ц/га өнімділікпен 731,2 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,2 ц/га өнімділікпен 305,7 мың тонна сәбіз қамбаға құйылды.
Министрлік мәліметінше, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімінде жүргізілуде.
«Жетісу-Ақпарат»





