Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тоқаев: «Қазақстан дербес атом индустриясын қалыптастыруға кіріседі»

26 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Тоқаев: «Қазақстан дербес атом индустриясын қалыптастыруға кіріседі»

7152.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, –  деп хабарлайды  7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші атом электр станциясын салу – ауқымды жұмыстың бастауы ғана. Ол Қазақстанға бәсекеге қабілетті әрі дербес атом индустриясын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Атом энергетикасын дамыту арқылы біз энергетикалық тұрғыдан ешкімге тәуелді болмаймыз. Қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік стратегиялық құжат дайындап жатыр. Онда энергия тапшылығы бар аймақтарда шағын модульді реакторлар орнату мәселесі қаралуы тиіс», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық климаттық саммиттерге қатысты көзқарасын да бөлісті. Оның айтуынша, климат тақырыбы төңірегіндегі кейбір пікірталастардың астарында саяси және экономикалық мүдделер бар.

«Мен Дубай мен Бакуде өткен саммиттерге қатыстым. Әсерімді әріптестерге де, Үкімет мүшелеріне де айттым: бұл кең ауқымды алаяқтыққа ұқсайды. Бұл сөзімді Премьер-министр Олжас Бектенов растай алады. АҚШ Президенті Дональд Трамп та Біріккен Ұлттар Ұйымында сөз сөйлегенде «Климаттың өзгеруі – жаһандық алаяқтық» деп айтты. Сондықтан Қазақстан 35 жылдан кейін ғана көміртек көздерінен бас тартады деген ресми ұстанымымызды жарияладық», – деді ол.

Президент қазіргі энергия өндірісі мен болашақтағы қажеттілікке тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан жылына шамамен 118 миллиард киловатт энергия өндіреді, алайда бұл жеткіліксіз.

«Цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамытсақ, әлдеқайда көп энергия қажет болады. Сондықтан еліміз барлық энергетика көздерін тиімді пайдалануы тиіс. Ең алдымен, көмір. Қазақстан жылына 113 миллион тонна көмір өндіреді. Бұл көрсеткіш бойынша біз әлемдегі ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреміз. Бұл – біздің актив, артықшылығымыз. Оны дұрыс пайдалануымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Ол сонымен бірге баламалы энергетикаға қатысты ойын білдірді:

«АҚШ Президенті «Маған жел ұнамайды, маған көмір ұнайды» деп өте дұрыс айтты. Шын мәнінде, жел станциялары қымбат әрі табиғатқа зиян келтіруі мүмкін. Ал қазіргі озық технологиялар көмірді экологиялық тұрғыдан тазалап, зиянсыз етуге мүмкіндік береді. Оның бағасы да жел, күн, газға қарағанда әлдеқайда тиімді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.