Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Колледж бітіргендер жұмыссыз қалмайды

18 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Колледж бітіргендер жұмыссыз қалмайды
WhatsAppTelegramFacebook

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде жоспарланып жатқан іс көп. Осы ретте колледждер мен облыстағы жетекші кәсіпорындар арасында 10 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің жұмыссыз қалмайтынын аңғартады.

Облыс орталығында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумға жұмыс беруші кәсіпорындар, білім беру мекемелерінің өкілдері мен студенттер қатысты.  Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түрді. Айтуынша, бұл форум­ның басты мақсаты – жастарды жұмысшы мамандыққа тарту.

– Қазіргі жастардың көбісі бірден жоғары білімге жүгіреді де  арнайы орта білімге аса көңіл бөлмейді. Бірақ негізгі жұмысшы мамандықтар – қазіргі ел экономикасының негізгі драйвері. Адамның күнделікті өмірі негізі жұмысшы мамандықтан басталады, – деді ол.

Форум аясында  аспаз, сантехник, электрик, құрылысшы, тігінші, орманшы мамандықтарында оқып жатқан 27 колледждің білімгерлері көрме ұйымдастырды. Әрқайсысы кәсіптерінің қызығымен бөлісіп, жетістіктерін көрсетті.

Енді техникалық және кәсіптік колледж түлектері жұмыс іздеп сабылмайтын болады. Оларға кепілдік мақсатында «Алтын карта» табысталды. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізгендердің бірі – Меруерт Кеңес.

– Мен қазіргі уақытта политехникалық колледжде дизайнер мамандығына оқып жатырмын. Дуалды оқыту нәтижесінде қаладағы жарнама агенттігінде дизайнер болып жұмыс істеймін. «Алтын карта» ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Бұл мүмкіндікке ие болғаныма үйдегілер де риза. Бастысы, алаңсыз қызметке тұра аламын, – дейді жас талап.

Қарапайым кәсіп иелері қашанда сұраныста. Форумда Жетісу облысындағы кадр тапшылығын жою мақсатында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесі айтылды. Кәсіп- орындар мен оқу орындары бірлесе отырып өңірге қажетті мамандықтарды анықтаған. Осыған орай Жетісу құрылыс техникалық колледжінде жаңа факультеттер ашылып отыр.

– Біз архитектура мамандығын биыл аштық. Оның ішінде техник жобалаушы мамандарды даярлап жатырмыз. Қазір білім алушыларымыз академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өтіп жүр. Сонымен қатар, оқытушыларымыз Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінде тәжірибе алмасып, білік-білімдерін арттыруда, – дейді Жетісу облыстық құрылыс техникалық колледжінің директоры Санат Рамазанов.

Жалпы облыста 27 колледж бар, онда 13 900-ден астам студент оқиды. Білім беру сапасын арттыру үшін өткен жылы өңірде 13 жаңа мамандық ашылса, биыл тағы 14 жаңа мамандық ашу көзделген. Бұл қатарда өндірістің автоматтандырылған жүйелері, мехатроника, сәулеттік жобалау, орман және балық шаруашылығының мамандықтары бар. Осы ретте 2025 жылы облыстағы колледждерге 4500 адамды қабылдау жоспарланып отыр.

– Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыста 70-тен астам іс-шара өтеді. Соның ішінде «ZhetysuFest», «WorldSkills Zhetysu 2025» және «AgroSkills-2024» чемпионаты, сондай-ақ, студенттерге арналған кәсіби конкурстар ұйымдастырылады. Сол сияқты облыс әкімінің қолдауымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында жұмысшы мамандықтар алаңына айналатын «Zhetysu Skills» орталығы салынады, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әли Сұлтанбеков.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30
ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.