Талдықорған: +14°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ет неге қымбат?

28.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Ет неге қымбат?

Коллаж: Ulysmedia.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Төскейде малы мыңғырған қазақ бүгінде бір келі етті ойланып алатын жағдайға жетті. Әсіресе, кейінгі кезде «сиыр етінің келісі 7 мың теңгеге дейін көтеріледі» деген жаңалық тұтынушы ренішін тудыруда. Соған байланысты біз де ет базарына барып, бағаны бағамдап қайттық.

Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарда сенбі күндері аудан, ауылдан алып келген өнімдер сатылады. Соның ішінде біз көрген еттің бағасы мынадай. Сиыр еті 3500 – 4500 теңгеден. Егер сүйексіз таза ет алсаңыз 4700 теңгеден. Қой 2800 теңгеден басталып, 3500 теңгеге дейін. Ал қазақ аса қадірлейтін жылқы еті қазысымен 3300 – 4000 теңгеден саудаланады. Бірақ базардағы баға тұрақты емес. Әр сатушының өз бағасы бар. Ал арнайы дүкен сөресіндегі бағаның көрсеткіші 5500 теңгеге жеткен. Бұл баға министрлік айтқан нарықтағы бағалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында бұл жағдайды былай түсіндірген. Онда: «1 келі сиыр етінің өзіндік құны шамамен 2 800 – 3 100 теңге аралығында сатылады. Көтерме саудаға 15 пайыз үстеме қосылса, бөлшек саудалық баға 3 400 – 3 500 теңге деңгейінде қалыптасады. Яғни 3 500 теңге – «орташа нарықтық баға» шегінде болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ бұл бағаның үстіне сатушы қосқан үстемақы, базарға жеткенге дейінгі қашықтық пен жол жағдайы, тауардың сапасы, премиум немесе жақсы өңделген кесінділер сынды факторлар да әсер етеді» делінген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, өңірде мал шаруашылығымен 18 мыңнан аса шаруа айналысады. 2025 жылдың 8 айындағы статистикалық мәліметке сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының саны 2 млн. 738 мың басқа жеткен. Ірі қара мал саны 555,6 мың бас болса, ұсақ мал басы 1,9 миллион. Жылқы 224,9 мың бас, түйе 2,2 мың бас. Бұл мал шаруашылығы үшін жаман көрсеткіш емес.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Тілеубаев биыл облыс бойынша шаруа қожалықтар тарапынан мал экспортына квота алуға мүлде өтініш түспеген. Демек, облыста ет экспорты болған жоқ. Ал 2024 жылы Тәжікстан Республикасына квота бойынша 40 бас ірі қара мал экспортталған.

Асқар ШАРИПОВ, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» филиалының облыс бойынша төрағасы:
– Еттің бағасы күн санап қымбаттап жатқаны бәрімізді алаңдатады. Бұл қарапайым халықтың қалтасына қатты салмақ салуда. Біздің таза әрі құнарлы өнімді экспортқа шығару бағаның қымбаттауына тікелей әсер етуде. Аз да болса қалтасын қампайтуды ойлаған фермелер бұл іске де барып жатыр. Содан кейін арадағы делдалдардың да тірлігі қымбатшылыққа ұрындыруда. Олар шаруалардан алған бағаларының үстіне өздерінің үстемақысын қосады. Мәселен, фермерлер 2500-2800 теңгеден сатса, делдалдар 3500-4000 теңгеден сатады. Міне, бұл да бағаның артуына бір себеп. Біз қазір бағаның қымбаттауына тікелей шаруаларды кінәлаймыз.
Бірақ биылғы ауа райының күрт өзгергенін, жемшөп, электр желісі бағаларының қымбаттауын да назарға алғанымыз жөн. Елімізде мемлекеттік қадағалау мониторингі жүйелі жұмыс жүргізіп, бағаның қымбаттауына жол бермей, нақты жұмыс істесе мұндай қымбатшылық болмайтын еді. Бүгінгідей алпауыт заманда шаруалардың ісі алға басып, ішкі өнімнің тұрақтылығын арттырамыз десек мемлекет тарапынан шаруаларға көп көмек, қолдау берілуі тиіс. Мемлекет тарапынан мал бордақылау үшін кооператив құрған жөн. Бұл іс тек қағаз жүзінде қалмаса екен деймін. Мемлекет тарапынан субсидия көлемін арттырса бұл да керемет қолдау болар еді. Шаруалар ешқашан бағаны өз бетімен көтермейді. Оларға мемлекет тарапынан жақсы көңіл бөлінсе болғаны. Біз осы аталған жұмысты жүйелі атқарсақ қана қымбатшылықтың көзі жойылар еді.

Жыл басынан бері облыста 55,4 мың тонна ет өндірілген. Жылдық жоспар 113 мың тонна болуы керек. Ал өңір халқының жылдық сұранысы 13,8 мың тонна. Демек, жылдық ет өндіру халықтың жылдық сұранысынан 99 мың тоннаға артық. Соңғы жылдардағы еттің бағасы төмен болған соң облыстағы бұрын ашылған бордақылау алаңдарындағы мал басының жүктемесі төмендеп кеткен. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан бордақылау алаңдарын дамыту мақсатында жаңа жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылған-ды. Бірақ бұл да бағаның айтарлықтай төмендеуіне әсер ете қоймасы анық.

Мамандардың айтуынша, ет бағасының қымбаттауына мал азығының да бағасы әсер етуде. Мал өсіру үшін жемшөп, астық, кебек сияқты азық ауадай қажет. Соңғы жылдары мал азығының бағасы да біршама артқан. Жемшөп қымбаттаса мал шаруашылығының шығыны артатыны заңдылық. Бұл, әрине, ең бірінші ет бағасының көтерілуіне алып келеді. Қарыштап көтерілген бағаның себебін қуаңшылық пен климат өзгерісінен де іздеуге болады. Еліміздің кейбір өңірлерінде биыл қуаңшылық орын алды. Салдарынан шөп сирей шығып, мал бағу қиындап, төрт түлік саны азайды. Осыдан-ақ баға өсімін бағдарлау да қиын емес. Ал облыста 2025-2026 жылдың мал қыстату кезеңіне 2 млн. 236 мың тонна жемшөп дайындау жоспарланған. Күні бүгінге дейін 2 млн. 233,7 мың тонна мал азығы жиналған. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалса мал азығының жетіспеушілігі орын алмауы мүмкін.

Ет бағасының қымбаттауына тағы да әсер еткен фактор – жанар-жағармай бағасының жыл санап көтерілуі. Жалпы 2024 жылы облыс шаруаларына 10925 тонна дизель отыны бөлінген. 1 литр дизель отынының бағасы 250 теңгеден алынған. Ал 2025 жылы 12100 тонна дизель отыны қарастырылған. Биылғы баға – 252 теңге.

Көршілес мемлекеттерде сиыр етінің бағасы еліміздегі еттің бағасынан 10-20%-ға жоғары. Мысалы, Тәжікстанда 6500 теңге, Қытай 8000, Ресейде 8500, Өзбекстанда 6500 ал Түркияда 13 000 теңге. Еліміздің ет экспортына мемлекет тарапынан ешқандай шектеу жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мал шаруашылығының жұмысын ұршықша иіріп алып кету оңай емес екенін айтады. «Шаруалар үшін үлкен мәселе бар. Ол – малшыны табу. Бұл өте қиын жұмыс. Себебі, аз жалақыға таңның атысынан күннің батысына дейін ешкім қиналып жұмыс істегісі келмейді. Малшылардың мұрты майланса ғана жұмысы жанданады. Сондықтан бұл да фермерлердің қалтасына салмақ түсіреді. Он шақты жыл бойы еттің бағасы тұрақты болып келді. Биыл көршілес мемлекеттерде де баға жоғары. Сондықтан бұл тек біздің елде ғана емес көршілес мемлекеттердің де басты мәселесіне айналуда» деген болатын.

Мал экспорттауға тыйым салынбай еттің бағасын түсіру мүмкін еместігін де экономист мамандар айтып дабыл қағуда. Олар көршілес мемлекеттердің етке деген сұранысы артса, ішкі нарықта ет азайып, баға қымбаттайтынын алға тартады. Бірақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудың арқасында қол жеткізілген соңғы 2 жылдағы тауар айналымы өсімінің оң серпін алғандығын да назарға алған жөн.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми парақшасында сиыр етінің бағасы шарықтап бара жатқанына түсінік берген. «Біз еттің өзіндік құнының динамикасын талдадық, ол бағаның өсуі ең алдымен ішкі факторларға байланысты екенін көрсетеді. Атап айтқанда, бұл – ұйымдастырылған шаруашылықтардағы жем-шөптің қымбаттауы (микро және макроқоспалар, сүрлем, пішендеме және т.б.), жалақының өсуі (жеке қосалқы шаруашылықтарда – бақташыға бір басқа 5-7 мың теңге, ұйымдастырылған шаруашылықтарда – бұзаушы, технолог, зоотехник және т.б.) және басқа да өндірістік шығындар. Бір басты өсіру үшін 2 жыл қажет. Тауарлық шаруашылықтарда, яғни жайылымдық мал бағумен айналысатын жерлерде 1 келі ет өндірудің өзіндік құны шамамен 2400 – 2500 теңге болады. 15% жарнаны ескерсек, көтерме баға 2800 – 2900 теңгеге дейін жетеді. Ал мамандандырылған бордақылау алаңдарында, яғни қорада ұстау жағдайында өзіндік құн жоғары – 1 келі етке 3000 – 3100 теңге, ал көтерме баға 3400 – 3500 теңге деңгейінде қалыптасады».

«Малдың жайын баққан білер» деп біз бірнеше шаруа иесін сөзге тарттық. Мәселен, Нұржан Ерланұлы малды бағып-қағуға қажыр-қайрат, денсаулық, уақыт пен шыдам керек екенін айтуда. «Қазақ төрт түлікті аса қатты қадірлеген. Ас-ауқатты түгендерде бірінші еттен бастайтынымыз да рас. Ал осы өнімді өткізгенге дейінгі жұмыс тым ауыр. Малды құнарлы жемшөппен қоректендіріп, санын арттыру үшін мықты шопан керек. Ал жемшөп бағасы жыл сайын қымбаттамаса арзандамай тұр. Ал қазір мынадай жаһандану заманында шопан табу дегеніміз – шөмеле арасынан ине іздеумен пара-пар. Олар уақытпен, күнмен санаспай еңбек етеді. Сенбі, жексенбі деген күн жоқ. Ең бірінші, адал еңбекті бағалағанымыз жөн. Зейнетке шыққанға дейін қара жұмыстан алыстамайды. Осындай ауыр жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының ақ адал маңдай тері бағалануы керек. Біз малшыларға барынша жақсы жағдай жасауға тырысамыз.Жоғары жалақы, дәмді ас, жайлы қоныс беру – біздің міндет. Ал мұның барлығы шаруалардың қалтасынан шығады. Қазір бәрі қымбат. Бағаны бақылау, бір орында ұстап тұру дегеніміз мүмкін емес. Сондықтан еттің қымбаттауының артында қажырлы еңбек барын ұмытпайық, – дейді ол.

Нәпақасын төрт түліктен тауып отырған шаруалардың айтуынша, биыл 1 түк шөп 1000 – 1500 теңге болса, бидай, жүгері, арпаның келісі 130-140 теңгеге жеткен. Оған күнделікті берілетін тұз бен суды қосайық. Сонда орта есеппен күніне бір сиырды асырауға 2500 теңге жұмсалады екен.
Мемлекет тарапынан шаруаларға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылған. Биыл Жетісу облысы 2 млрд. 500 млн. теңге бөлу жөнінде Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірігіп үшжақты кредиттік шарт жасалған. Бүгінде республикалық бюджеттен 700 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат шегінде 2024 жылы комиссияның қорытындысымен мақұлданған жалпы сомасы 2 млрд. 603,8 млн. теңгеге 342 өтінім қайта қарастырылуда. Аталған бағдарлама аясында кредиттік комитетте 1,1 млрд. теңгеге 154 үміткердің өтінімдері қаралып, 145 өтінім мақұлданған. 57,2 млн. теңгеге 9 өтінім қабылданбаған. Бірақ бүгінгі таңда шаруалар қолына қаражат тиген жоқ.
Соңғы жылдардағы еттің бағасы төмен болған соң облыстағы бұрын ашылған бордақылау алаңдарындағы мал басы төмендеген. Алайда бүгінгі күннің бағасына байланысты қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бордақылау алаңдарын дамыту мақсатында жаңа жеңілдетілген несие бағдарламасы ашылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыста 2 бордақылау алаңын салуға өтінім берілген.
Көпбалалы ана Аяулым Омарғазиева дәл осындай баға болса болашақта ет сатып ала алмайтынын айтады. «Бес балам бар. Жолдасым ғана жұмыс істейді. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Ай сайын алатын азын-аулақ жәрдемақы күнделікті азық түліктен артылмайды. Тіпті айдың соңында несие алып, тамақ алатын кездер де болады. Сиыр еті қымбат болған соң тауық етін аламын. Кейде етсіз тамақ әзірлеймін. Күнделікті ет тұтынып үйренген біздерге қиын тиіп жатыр. Қазір киім алсақ тамақ, тамақ алсақ киім алмайтын болдық», – дейді көпбалалы ана.

Жоғарыда келтірілген нақты деректерге қарасақ, мемлекет тарапынан мал шаруашылығының дамуына барлық жағдай қарастырылған. Десек те, базар бағамы бүйірден қысып тұр. Қыс таяғанда соғым мәселесі де бой көтереді. Қалай дегенмен қазекең етсіз отырмайды. Осы жайды ескерген пысықайлар қалтасын қомпайтуды да көздейді. Жығылғанға жұдырық осы. Ал, тапқаны тамаққа, жалақысы басқаға жетпейтін жұрттың жайы қалай болмақ?! Осы ретте бағаға да бақылау керек. Әйтпесе, қымбатшылық қылғындыра түспек, қылғындыра бермек…

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

«Жетісудың» екінші жеңісі

Уақыт тығыз. «Жетісудың» плей-оффқа дайындығы

01.04.2026
«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

01.04.2026
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026
Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.