Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мёңнің атына құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы Ли Чжэ Мёңді және Корея халқын елдің ұлттық күнімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.
«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келеді. Біз стратегиялық серіктестікті халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал Корея Республикасына өсіп-өркендеу мен құт-береке тіледі.





