Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Біліммен қатар парасаттылықты да сіңіре білді

5 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Біліммен қатар парасаттылықты да сіңіре білді
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмасымен педагогтердің қоғамдағы беделін арттыру бағытында биылғы жылы тың бастама қолға алынуда. Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің бас қаласында білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдерге ерекше құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытуға айрықша үлес қосқан ұстаздарды арнайы марапаттады. Бұл шараға еліміздің әр өңірінен 120-ға жуық педагог жиналды. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова Ұстаздар күнімен құттықтап, министрлік атынан Алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен педагогтердің қоғамдағы мәртебесін арттыру бағытында тың бастамалар қолға алынып жатыр. «Ұстазға алғыс!» апталығы – ұстаздарымызға деген ризашылығымызды білдіру мен құрмет көрсетуге арналған маңызды шара. Біз ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, оларға ерекше құрметпен қараймыз», – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

Марапатталған ұстаздардың қатарында Ақсу ауданына қарасты Кеңғарын ауылының мұғалімі Қаламқас Маженова да бар. Ол еңбек жолын Ақсу ауданына қарасты Кеңғарын орта мектебінде жас педагог болып бастап, 40 жылға жуық қызмет етіп келеді. Қаламқас Бөкенқызы сапалы білім мен тәрбие беру ісінде өзінің саласын жетік меңгерген педагог-зерттеуші. Шәкірттеріне біліммен қатар адамгершілік пен парасаттылықты да сіңіре білді. Әр баланың тұлға болып қалыптасу жолында үздіксіз еңбек етіп, қазіргі таңда да мұғалімдік миссиясын мінсіз атқаруда.

Алтын күзбен бірге келетін ұстаздар күніне орай Елордада өткен басқосу, ұлағат иелеріне ерекше көңіл күй сыйлады. Еліміздің бас қаласы Астанаға арнайы шақырылған құрметті қонақтар министрлік ғимаратында шәкірттерінің жұмыс орнымен танысты. Мұғалімдерге арнайы мерекелік кеш те ұйымдастырылды.

Бұл марапат – еліміздің барлық ұстазына көрсетілген ерекше құрмет десек артық айтқанымыз емес.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.