Алматы даму орталығына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Руслан Берденов кірісті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Берденов енді «Алматы даму орталығының» директоры қызметін атқарады. Аталған ұйым Алматы қаласы әкімдігіне қарасты және оның басты мақсаты – мегаполисті өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналдыру. Бұл міндет орталықтың ресми даму тұжырымдамасында айқын көрсетілген.
Бұған дейін орталықты Андрей Шовкопляс басқарған болатын.
Жаңа басшы тағайындалуына қатысты әзірге ресми пікір білдірмеді. Алайда оның Instagram парақшасындағы жазбаларынан Алматыға келгеніне бірнеше күн болғанын байқауға болады. Берденов қаладағы жасыл аймақтарда серуендеген сәттерін және «Қайрат» футбол клубының ойынын тамашалағанын бөліскен.





