Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Атырауда өткен отырысы мен Бурабайдағы жиыны аралағында атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Атырауда отырыстан кейін арнайы жоспар қабылданды. Соған сәйкес Парламент депутаттарының қолдауымен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа, құмар ойынға, нашақорлыққа, есірткі саудасына, вандализмге қатысты заңдар қабылданды. Электронды шылым түрлерін өндіруге және сатуға тыйым салынды, — деді ол.
Мемлекеттік наградалар қатары мәртебелі атақтармен толықтырылды. Сондай-ақ ол Ұлттық кітап күні де бекітілгенен атап өтті.
Жалпы былтырғы Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды жүзеге асыру үшін бір жылдың ішінде 10 заңға айналды, қазірдің өзінде оның 9-ы қабылданды. Биыл құрылтай аясында өңірлермен жұмыс істеу форматы енгізілді. Ұлттық құрылтай мүшелері аймақтарға шығып, жұмыс кездесулерін өткізе бастады. Бұл аймақтағы белсенді азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік берді, — деп айтты Ерлан Қарин.
Фото: Ақорда





