Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда имамдар арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Жетісу облысының орталығында имамдар арасында қазақ күресінен арнайы түйе палуандар жарысы өтті. Іс-шараны облыстық дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтық өкілдігінің «Жастар ісі» жөніндегі секторы ұйымдастырған.

10 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда имамдар арасында қазақ күресінен жарыс өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жиналған спорт сүйер қауым алдында жеке-жеке сөз алған өңірдің бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Асқарұлы сайысқа түсетін қара күш иелеріне сәттілік тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.

– Бүгінгі жарыстың басты мақсаты – дін саласындағы азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуды дәріптеу. Спорт – денсаулық кепілі. Сол үшін аймағымыздағы мешіттерде, діни мерекелер кезінде мұндай спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Жарыс болған соң, топты жарып суырылып шығатын үздіктердің, мүлт жіберіп өкінетіндердің болары анық. Барлықтарыңызға жеңіс тілейміз! – деді бас имам.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолғы белдесуге Жетісу облысы аумағындағы мешіттерде қызмет атқарып жүрген 22 имам қатысқан. Әр үміткер жарысқа барын салып, өзінің қара күш иесі екенін көрсете білген.

Сонымен, тартымды да тартысты өтіп, көптің көңілінен шыққан дүбірлі белдесуде Алакөл ауданы, Қайнар ауылдық мешітінің бас имамы Мадияр Төлеуханұлы өз қарсыластарының бәрінен басым түсіп, І орын жүлдесін жеңіп алса, ІІ орын бәйгесін Талдықорған қаласындағы облыстық «Иман» мешітінің ұстазы Еділ Ершатұлы еншіледі. Ал ІІІ орынға Алакөл ауданы, Қайнар ауылдық мешітінің имамы Еркебұлан Абіқаев табан тіреді. Сонымен қатар, бірқатар мешіт қызметкерлері ынталандыруға лайық деп танылды. Жеңімпаздар арнайы ақшалай сыйақылармен марапатталды.

                                                                                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.