Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда Ядролық отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өңірлік кеңес құруды ұсынамыз»

10 қазан 2025
КҮЛТӨБЕ
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитінде сөз сөйлеп, энергетика саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына тоқталды. Мемлекет басшысы энергетикалық қауіпсіздік пен атом саласын бірлесе дамыту бастамаларын көтеріп, Ядролық отын циклі мен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында өңірлік құзыретті кеңес құруды ұсынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Энергетикадағы серіктестік: газ одағы мен мұнай транзиті

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы ықпалдастықтың жоғары әлеуетін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы үшжақты газ одағы өңірде жаңа энергетикалық жүйенің қалыптасуына ықпал етіп отыр.

– «Бұл одақ халықты және өнеркәсіпті көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының (КҚК) стратегиялық рөлін атап өтті. 2024 жылы осы маршрут арқылы 63 млн тоннаға жуық қазақстандық мұнай экспортталды.

Қазақстан сонымен бірге Ресей мұнайын Қытайға тасымалдауда маңызды транзиттік рөл атқарып келеді. Мемлекет басшысының мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылына 10 млн. тоннаға дейін мұнай жеткізіледі, ал өткен жылы бұл көрсеткіш асып түскен.

– «Транзит қарқынының өсуі оның әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік бар екенін көрсетеді», – деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ Санкт-Петербургте жақында қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы келісімді өңірлік серіктестік үшін маңызды қадам ретінде атады.

Атом энергетикасы: серіктестік жаңа деңгейде

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Ресеймен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай серпін алған. Бұл бағытта маңызды жоба – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу.

– «Атом энергетикасындағы ықпалдастық бірқатар жанама саланың дамуына берік негіз бола алады. Мұның біз үшін маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай, Қазақстан Президенті Ядролық отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында өңірлік құзыретті кеңес құруды ұсынды. Мұндай құрылым ғылыми, техникалық және кадрлық әлеуетті біріктіруге мүмкіндік береді.

Ғылым мен кадр дайындау – стратегиялық міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік ынтымақтастықтың табысты болуы үшін кадр даярлау мен ғылыми-зерттеу базасын нығайту қажет екенін баса айтты. Осы бағытта алғашқы маңызды қадам ретінде Алматы қаласында МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің филиалы ашылған.

– «Бұл бастамаға екі елдің ғылыми-зерттеу институттарын тартуды жоспарлап отырмыз. Жақында Ғылым жөніндегі кеңестің отырысын өткіздім. Ықпалдастық орнатуға әлеует жеткілікті», – деді Президент.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.