БАҚ пен әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар қызметтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағаны анықталды.
Сондықтан бұл әрекетте құқық бұзушылық белгілері жоқ деп танылды. Сондай-ақ, оқиға аумақтың экологиялық тұрақтылығына ешқандай әсер етпегені атап өтілді.
Бұл жағдай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристерді ережелермен жүйелі түрде таныстырудың маңызын тағы бір рет көрсетті.
Мамандардың пікірінше, экологиялық мәдениетті арттыру мен ақпараттық белгілерді жетілдіру – Қазақстан табиғатының бірегейлігін сақтаудың және жауапты туризмді дамытуының маңызды бөлігі.
Павел Дуров өз парақшасында жариялаған бейнежазба оның 10 миллионнан астам жазылушысына қолжетімді болды. Бұл материал имидждік сипатқа ие болып, Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға паш етті.





