«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 15-17 қазан аралығындағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері елдің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады, ал солтүстік және орталық өңірлерде суықтың беті сезіледі.
Астанада алдағы үш күн бойы жауын-шашынсыз, бірақ ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
- 15 қазан: ауыспалы бұлттылық, жел екпіні – 14 м/с.
🌡️ Түнде -10…-12°С, күндіз +4…+6°С. - 16 қазан: жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлттылық.
🌡️ Түнде -5…-7°С, күндіз +7…+9°С. - 17 қазан: жел – 5–10 м/с, бұлт аз.
🌡️ Түнде -2…-4°С, күндіз +8…+10°С.
Алматыда жылы күндер қайта оралады. Қалада үш күн қатарынан жауын-шашын күтілмейді.
- 15 қазан: ауыспалы бұлттылық.
🌡️ Түнде +4…+6°С, күндіз +14…+16°С. - 16 қазан: әлсіз жел, ашық ауа райы.
🌡️ Түнде +1…+3°С, күндіз +15…+17°С. - 17 қазан: жел 3–8 м/с.
🌡️ Түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С.
Шымкентте тұрғындар жылы әрі шуақты ауа райын сезінуді жалғастырады.
- 15 қазан: ауыспалы бұлттылық, жел 15-20 м/с.
🌡️ Түнде +7…+9°С, күндіз +24…+26°С. - 16 қазан: жел – 13 м/с, жауын-шашынсыз.
🌡️ Түнде +10…+12°С, күндіз +25…+27°С. - 17 қазан: тыныш ауа райы сақталады.
🌡️ Түнде +10…+12°С, күндіз +23…+25°С.
Осылайша, Қазақстанның оңтүстігінде жылы әрі шуақты күндер сақталады, ал Астана мен солтүстік өңірлерде нақты күздің салқыны сезіледі.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгерістеріне бейімделіп, жылы киінуге және жол қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.





