Талдықорған: +17°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жас ұстазға қолдау қажет

17.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жас ұстазға қолдау қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Біліммен рухани көшке тың серпін беріп, өзгеше бағыт ұстанатын жас мұғалімдер қауымы. Бүгінде мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар іс атқарылып жатыр. Ал жас мұғалімдерге деген қолдау қандай? Талдықорғандағы №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерден Нұрахметпен оқулықтар жөнінде әңгімелестік.

– Бүгінгі оқушы бірінші кезекте нені білуі керек, жас ұстаз нені ескеру қажет?

– Мектеп табалдырығын аттаған оқушы бірінші құндылық – тәрбиені жетік меңгергені дұрыс. Ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтып кеткендей «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Ал жас ұстаздар өздерін әрдайым жетілдіріп, заман талабына сай заманауи технологияларды қолдана білуі тиіс.

–  Өзің оқыған оқулық пен  бүгінгі кітаптардың айырмашылығы бар ма?

– Біз оқыған оқулық жүйелі жазылған болатын. Барлық тапсырма ретімен  ұсынылып, бірізге келген еді. Ал қазір мұғалім өзі алдын ала дайындап, тапсырмаларды ретке келтіріп, өзі жүйелейді. Қазіргі оқулықтың бір кемшін тұсы осында деп ойлаймын.

– Жас ұстазға қандай қолдаулар қарастырылған?

– Мектепке жұмысқа орналасқан мұғалімге алғашқы қолдау ретінде тәлімгер тағайындалады. Ол тәлімгер бір жыл көлемінде жас маманмен жұмыс істеп, баулиды. Одан бөлек, қасындағы әріптестері қолдау көрсетеді. Шын мәнінде мектептегі тәжірибесі мол ұстаздардың қолдауы жас ұстазға ауадай қажет. Негізгі көмек әріптестерінен болуы жас маманның шыңдалып шығуына септігін тигізеді. Ал егер кері байланыс орнамай, қамқорлыққа алып, тәлімгерлікпен, білгенін үйретпесе, мектепке келген жас ұстаздың меселі қайтып, болашақта жақсы мұғалім болып шығуына кедергі болатыны анық.

Шынайы мұғалім ұстаз деген образдың қандай екенін жақсы түсінеді. Мысалы, жас мамандарды көбінесе жұмыстан шығарып жатады. Оған мектеп  тарапынан  тағылатын басты   айып – сабағын дұрыс өткізе алмау. Тәжірибе жылдар бойы жетіле беретінін ескерсек, жан-жақты қолдау әркімге керек. Сонда ғана білікті маман тәрбиелеп шығара аламыз.

– Әдебиет мұғалімі есебінде оқулыққа енуге лайықты, бірақ кітапқа кірмеген қандай ақын-жазушылар бар деп есептейсіз? Оларды қай шығармасы үшін кіргізуге болады?

– Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көші» мен «Дарабозын» және Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» романдарын енгізу керек деп ойлаймын. Жоғары сынып оқушылары үшін бұл шығармалар ұлттық көзқарас пен тарихи сананы қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, әлем әдебиетінен қазақ тарихына байланысты жазылған Жюль-Верннің «Патша шабарманы» романын да міндетті түрде енгізу қажет. Себебі, Кенесары хан бейнесі сомдалатын бұл романның оқушыға берері мол. Сонымен қатар, оқушыларға ұлттық бояуы қанық, ел мен жер туралы  және азаматтық позицияда жазылған өлеңдерді жаттату керек деп ойлаймын. Бір айда бір өлең жаттатқызатын болсақ, оқушы мектеп бітіргенге дейін 99-100 өлең жатқа біліп шығады екен. Ал біз сол 99-100 өлеңді таңдап алып, әр сынып оқушысына жас ерекшелігіне сай жаттатқан дұрыс. Бұл менің жеке пікірім.

Серік Қантай

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.