Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Мағжан Ілиясов 2016–2020 жылдары Қазақстанның Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі әрі Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкіл болған.
2020–2022 жылдары еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елші, ал 2023 жылдың сәуірінен Исландия мен Ирландиядағы Елші қызметін қоса атқарды.





