Қаратал ауданында Республика күніне орай тұрғындардың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы өтті.
Жасталап ауылында медициналық пункт, Қызылжар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт және Үштөбе қаласында 103 «Жедел жәрдем» стансысының лентасы қиылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Ұлан Досымбеков пен ақсақалдар, ауыл тұрғындары мен сала мамандары қатысты. Аудан әкімі жаңа нысандардың ашылуы – ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыруға және тұрғындардың алғашқы медициналық-санитариялық көмекке дер кезінде жүгінуіне мүмкіндік беретінін атап өтіп, жиылған жұртты Республика күнімен құттықтады.
Қызылжар ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт «Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде салынған. Жалпы құны 186 млн. теңге. ФАП 800-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи жабдықтар толығымен қамтылған. Ал Жасталап ауылындағы медициналық пункт жергілікті бюджет есебінен салынып отыр. Бұл нысанның жалпы құны 39 млн. теңге. Медициналық пункт 200-ге жуық тұрғынға алғашқы медициналық көмек береді. Керекті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, қазіргі уақытта 30-ға жуық қызметкер еңбек етуде.
Инаят Берікқызы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы
Қаратал ауданы





