Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мал қыстату – жауапты науқан

25 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Мал қыстату – жауапты науқан

Ser-per.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Төрт түлікпен айналысатын шаруалар жылдың төрт мезгілінде тыным таппай еңбек ететіні белгілі. Қазақ халқының «Мал-жан аман ба?» деп амандық сұрасуы – мал шаруашылығының тіршіліктегі маңызын айқын көрсетеді.

Әсіресе қыс мезгілінде табиғи жайылым мүмкіндігі шектеліп, мал толығымен шаруашылықтағы дайын қорларға тәуелді болады. Сондықтан шөп, жем, сүрлем секілді азық түрлерін дер кезінде дайындау қыстан шығынсыз шығудың басты кепілі. Бұған қоса жылы қора, таза су және жүйелі бақылау жұмыстары да маңызды рөл атқарады.

Осындай жауапты науқан кезінде тынымсыз еңбек етіп жүрген шаруалардың бірі – Алмалы ауылындағы «Темірлан» шаруа қожалығының басшысы Қанат Малайбеков. Ол қысқа тыңғылықты дайындалып, жаз айларында 30-40 тонна арпа мен 400 тонна орама шөп дайындап қойған. Қысқы азық қоры жеткілікті шаруашылықта бүгінде мал қоңы қалыпты, күтім үзілмейді.

– «Темірлан» шаруа қожалығы 2004 жылы әкем Есімбектің бастамасымен құрылған. Бүгінде шаруашылықты өзім басқарып келемін. Тұрақты жұмысшылар жоқ, сондықтан барлық істі өзім ұйымдастырып, күнделікті қадағалап отырамын. Қыста мал қыстату, көктемде төл алу – жауапты әрі тынымсыз еңбек, – дейді Қанат Малайбеков.

Қазір қожалықта «Алатау» тұқымды 78 ірі қара, 30 бас жылқы, 600 қой және 200-ге жуық төл бар. Болашақта шаруашылық аумағынан 200 саулық қойға арналған жылы қора салу және мал басын көбейту жоспары бар.

Мал қыстату науқаны дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана түлік басы сақталып қана қоймай, көктемгі төл алу көрсеткіші де жоғары болады.

Қорыта айтқанда, мал қыстату жай ғана маусымдық жұмыс емес, ол ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыратын кешенді әрі жауапты үдеріс.

Жақсылық Игіман

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.