Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Талдықорғандағы газ жарылысынан ауыр жарақат алған жасөспірім қайтыс болды

11 наурыз 2025
САЯСАТ
Талдықорғандағы газ жарылысынан ауыр жарақат алған жасөспірім қайтыс болды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда екі ай бұрын газ жарылысынан ауыр күйік алған Асан Жүкенов қайтыс болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ата-анасы, Ерлан мен Дания Бекпаевтар, сол өртте көз жұмған еді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, жас жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиғадан бері Асан өмір үшін күресті. Алайда Талдықорғанда арнайы күйік орталығының болмауы емдеуді қиындатты. Алғашында ол көпсалалы ауруханада жатты, бірақ жағдайы нашарлаған соң, Алматыдағы күйік орталығына ауыстырылды. Өкінішке қарай, сондағы дәрігерлер де оны құтқара алмады.

Тергеу тығырыққа тірелді

“Шенеуніктер үнсіз, газ компаниялары кінәсін мойындамайды, ал өрт сөндірушілер әлі күнге дейін газдың қайдан шыққанын түсіндірмеді”, – деп жазды Талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында.

Асанның ағасы Ернұр Жүкенов те тергеудің ашықтығына күмән келтіреді. Оның айтуынша, мешітке газ құбырын тарту кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған.

“Мешітке газ құбырын тартқанда үлкен қателіктер жіберілді – біз оны өз көзімізбен көрдік. Ол кезде көшемізде не асфальт, не электр бағандары, не су құбыры болған жоқ. Бұлардың бәрін кейін тартты. Мүмкін, жұмыс барысында біреу газ құбырын зақымдаған шығар?” – деді Ернұр Жүкенов.

Қайтыс болғандардың туыстары газ қызметі мен жергілікті билік оқиғаның мән-жайын жасырып отыр деп санайды. Бірақ тергеу әлі күнге дейін басты сұраққа жауап берген жоқ: газдың қай жерден ағып, жарылысқа себеп болғаны белгісіз.

Бұған дейін ТЖМ өкілдері жарылысқа табиғи газдың тарауы себеп болғанын алдын ала мәлімдеген еді.

Ведомствоның хабарлауынша, екі негізгі нұсқа қарастырылып жатыр: газдың ағуы үйдің ішінде немесе жер астындағы газ құбыры учаскесінде болуы мүмкін. Қазіргі уақытта мамандар осы нұсқаларды тексеруді жалғастыруда.

Фото: ТЖМ

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.