Талдықорған: +25°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жұлдыз Сүлейменова: Бала құқығы заңмен қорғалуы керек

05.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жұлдыз Сүлейменова: Бала құқығы заңмен қорғалуы керек
WhatsAppTelegramFacebook

Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Жамбыл облысында соңғы айларда орын алған балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес өтті. Оған министр Жұлдыз Сүлейменова, облыс әкімі Ерлан Қарашөкеев, Бас прокуратураның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, аудан әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиында сөз алған министр Жұлдыз Сүлейменова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен бүгінде елімізде заңнамалық-құқықтық базаны нығайтумен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік бақылау тетіктерін күшейту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Заң мен тәртіп талаптары жергілікті жерлерде сапалы орындалуы керек. Соңғы уақытта Жамбыл облысында орын алған балалар арасындағы құқықбұзушылықтар мені бей-жай қалдырмады. Сондықтан Ербол Шырақбайұлына қордаланған проблемаларды шешуге деген жанашырлығы үшін алғыс білдіремін», — деді оқу-ағарту министрі.

Республикалық жұмыс тобымен өңірдегі 100 мектепте жүргізілген мониторинг бірқатар мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, тәрбие және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыруда формальдылық бар екенін көрсетті. Мәселен, жұмыс жоспарларында мектептердің ерекшеліктері, білім алушылардың нақты тәуекелдері мен қажеттіліктері көрсетілмеген. Мектеп басшылығының тарапынан дағдарыстық жағдайларды ерте анықтауда тиісті үйлестіру жолға қойылмаған, қауіпсіздік жүйелері, жарықтандыру мен санитарлық тораптары жаңартылмаған, сондай-ақ «111» байланыс орталығының QR-кодтары жарамсыз мектептер де анықталды.

Сондай-ақ министр балалардың тәрбиесіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажеттілігіне де басымдық берді. Ресми статистикаға сүйенсек, күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал 395 ата-ана балалардың түнде үйде болуын қадағаламайды.

«Бұл көрсеткіштер баланың ата-ана назарынан тыс қалғаны туралы нақты дабыл. Ата-аналармен жұмыс ерекше назар аударуды қажет етеді. Мониторинг ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының қызметіне қатысу белсенділігінің төмендігін көрсетті», – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Сөзін қорытындылай келе министр бірқатар қатаң және жүйелі шаралар қабылдауды ұсынды.

«Өңірде қайғылы жағдайларға алып келген кейбір оқиғаларды зерделеу барысында кейбір мектептерде жауапты қызметкерлердің бала тарапынан болған белгілерге жете көңіл бөлмегені анықталды. Сондықтан тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу нәтижелері үшін мектеп директорлары дербес жауапкершілікте болуы керек. Білім беру ұйымдарындағы бейнекамералар нақты уақыт режимінде полиция және әкімдік жанындағы жедел орталықтарға қосылуы тиіс, бейнежазбалардың сақталу мерзімі мен қолжетімділігі заңмен белгіленген тәртіпте нақты регламенттеліп, оқушылардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталуы қажет», – деді министр.

Сондай-ақ, жиында мектептердің техникалық қауіпсіздік жүйелерін тексеру, құқық қорғау органдарымен, ата-аналармен бірлескен тұрақты жұмыс тобы мен жедел штаб құру, ашық есеп беру форматын енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен және жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыстар жүргізу бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Кеңес қорытындысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік бірлескен Жол картасы қабылданады, оның орындалуы министрліктің қатаң бақылауында болады.

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.