Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарыөзек – Көктал тасжолы жөнделді

Сарыөзек – Көктал бағытындағы тасжолдың жөндеу жұмыстары аяқталды. Жолдың жаңа жабындысы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетіп, тұрғындар мен жүк тасымалдаушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасайды. Жөндеу барысында жол жабыны тегістеліп, асфальт қабаты жаңартылды. Жергілікті тұрғындар жол сапасының жақсаруы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтуде.

6 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Сарыөзек – Көктал тасжолы жөнделді

kolesa.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жолшылар жаңа асфальттың жанына ауыр жүк көліктеріне арналған бөлек жол салды. Трассаға көліктің салмағын автоматты түрде өлшейтін жүйе орнатылды. Бұған дейін Сарыөзектен Алтынемел асуына дейінгі 50 шақырымдық бөлігі жүргізушілерді біраз әбігерге түсірген еді. Жақын орналасқан карьерден цемент зауытына әктас таситын ауыр жүк көліктерінің кесірінен мұнда шұңқырлар мен ойықтар жиі пайда болған-ды.

Осыған байланысты Президент 2022 жылы 2 жыл ішінде жолды жөндеуді тапсырған болатын. Сол жылы жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа асфальт төселгенімен жүк көліктері оны қайта бұзды. Былтыр жағдай түзеле бастады. Жергілікті билік қосымша 7 миллиард теңге бөліп, мердігерлерге ауыр жүк көліктері үшін бөлек қиыршық тас қосылған жол салуды міндеттеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, Сарыөзек – Көктал трассасындағы жұмыс толық аяқталды. Ұзындығы 178 шақырым жол ашық. Сарыөзек пен Алтынемел асуының арасында ауыр жүк көліктеріне арналған бөлек жол пайда болды. Мамандар Қойбын шатқалында Көмбе өзені арқылы өтетін жаңа көпір тұрғызып, пайдалануға берді.

Сарыөзек, Қоңырөлең және Ақжазық елді мекендерінің маңында жарық жүйесін іске қосты. Жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгілері жаңартылды. Жұмысшылар трассаның 50 шақырымына көлік салмағын автоматты түрде өлшейтін жүйені іске қосып, тағы біреуін 7 шақырымға орнатып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.