Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Халқым деген азамат

Жетісу облыстық білім саласы қызметкерлері кеңесінің ардагері, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінен, облыс, аудан әкімдерінен, білім беру және кәсіподақ ұйымдарынан көптеген дипломдар мен Құрмет грамоталарына ие болған, Алматы облысы мен Панфилов ауданының Құрметті азаматы Тұрсын Әбдірешовтің өмірден өткеніне бес жыл.

06.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Халқым деген азамат
WhatsAppTelegramFacebook

Тұрсын Әбдірешұлы 1958 жылы жетінші сыныпты бітірген соң Жаркент педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Бұл оның өмір жолындағы алғашқы үлкен қадамы еді. Училищені тамамдағаннан кейін еңбек жолы басталады. Жас маманды Бөрлітөбе ауданына мұғалімдікке жібереді. Жас та жігерлі ұстазды ұжымы бірден байқап, оны мектептің бастауыш партия ұйымының хатшысы, сондай-ақ Крупская атындағы ұжымшардың партия комитетінің мүшесі етіп сайлайды. Біраз уақыттан кейін ол аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, кейін Талдықорған аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөліміне жұмысқа шақырылады. Әуелі маман, кейін сол бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарады.

Екі жыл өткен соң Талдықорған қайтадан облыс орталығы мәртебесін алған кезде ол облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Бәйкен Әшімовтың көмекшісі қызметіне тағайындалады. Мемлекет қайраткерінің жанында қызмет атқару жас жігіт үшін төзім мен табандылықтың үлкен мектебі болды. Тұрсын Әбдірешұлы Бәйкен Әшімовтен іскерлік пен адалдықты, мақсатқа ұмтылушылық пен әр іске мемлекеттік тұрғыдан қарауды үйренді.

1970 жылы Бәйкен Әшімов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалғаннан кейін Тұрсын Әбдірешұлы Текелі қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жіберілді. Ал 1972 жылдың сәуір айында ол қалалық атқару комитетінің төрағасы лауазымына ұсынылып, бұл қызметте сегіз жыл жемісті еңбек етті.

Текелі қаласында өткізген он бір жыл ішінде оның бастамасымен және басшылығымен үлкен өзгерістер жүзеге асты. Мәдениет үйі, қалалық атқару комитетінің жаңа ғимараты, қонақүй, ондаған көпқабатты тұрғын үй мен дүкендер, мектептер, қалалық емхана, қалалық алаң салынды. Қала көшелеріне асфальт төселіп, көп жыл шешімін таппай келген ауызсу мен кәріз мәселесі оң шешілді. Қаланың өз жылыжай кешені салынып, тігін-трикотаж фабрикасы мен кірпіш зауыты іске қосылды. Саяжай шаруашылығы да қарқынды дами бастады.

Қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Тұрсын Әбдірешұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өзі де білім саласынан шыққандықтан ол қай жерде жұмыс істесе де ағарту ісіне айрықша көңіл бөліп, білім беруді қаланың ең маңызды бағыттарының бірі деп санады. 1981 жылы Тұрсын Әбдіреш-ұлына «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атағы берілді.

1982 жылдың сәуір айында ол Талдықорған қаласына шақырылып, Талдықорған облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл бөлімге аудандық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің жұмысы тікелей бағынатын. Ол аталған жауапты қызметте төрт жыл бойы абыроймен еңбек етті.

1986 жылы Тұрсын Әбдірешұлы Талдықорған облыстық білім басқармасының меңгерушісі қызметінің тізгінін ұстады. Білім саласындағы реформаларға байланысты осы басқармаға кәсіби-техникалық білім беру бөлімдері де қосылды. Басқарманы сегіз жыл бойы басқарып, өңірдің білім жүйесін жаңа деңгейге көтерді. Бұл елге жаңа форматтағы мамандар даярлау мәселесі күн тәртібіне шыққан уақыт болатын. Сол жылдары заман талабына сай жаңа оқу орындары ашылып, білім беру жүйесінде іргелі өзгерістер басталды. Тұрсын Әбдірешұлының тікелей бастамасымен және қолдауымен облыс орталығында Қазақ-түрік лицейі ашылды. Бұл оқиға халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жаңа буынды заманауи біліммен қамтуға жол ашты. Сол жылдары Алакөл және Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласына еркін экономикалық аймақ мәртебесі берілді. Дәл осы кезеңде Тұрсын Әбдірешұлының бастамасымен алғаш рет Алакөл ауданында мектеп-гимназия, ал Талдықорғанда алғашқы мектеп-лицей ашылды. Кейін оның ұйымдастыруымен Талдықорғандағы №17 тәжірибелік мектеп, Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың тәжірибелі оқытушылары сабақ беруге шақырылған Дәнеш Рақышев атындағы ұлттық мектеп интернаты жұмысын бастады. Сол уақытта оқу бағдарламасына жаңа пән – информатика енгізілді. Компьютер тапшылығы сезілген шақта Тұрсын Әбдірешұлының ұйытқы болуымен Талдықорғанда алғашқы компьютерлік орталық құрылды, соның арқасында оқушылар информатика пәнін толыққанды меңгере бастады. Кейін бұл орталықтың негізінде арнайы лицей ашылып, өңірдің білім беру саласында жаңа дәуірдің басталуына жол ашылды.

Облыстық білім басқармасын басқарған жылдары Тұрсын Әбдірешұлының тікелей басшылығымен бұрын жабылып қалған көптеген мектептер қайта ашылып, өз жұмысын жалғастырды. Сол кезеңде бірқатар бастауыш және сегізжылдық мектептер орта мектептер деңгейіне көтерілді. Жаңадан ашылған және қайта ұйымдастырылған білім ошақтарының жалпы саны 53-ке жетті. Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ол Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды.

1994 жылы Тұрсын Әбдірешов Талдықорған облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланып, бұл қызметте 1997 жылға дейін, Талдықорған облысы таратылып, Алматы облысына біріктірілгенге дейін жемісті еңбек етті.

Белгілі педагог Жақсыбай Исаев бастаған бір топ ардагер ұстаздар оған туған өлкесіне қайтып келіп, білім саласын дамыту ісіне атсалысуды ұсынды. Ұсынысты қабыл алған Тұрсын Әбдірешұлы 1998 жылы Панфилов аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне қабылданды.

Басшылық қызметтерде ұзақ жылдар бойы жинаған мол тәжірибесін Тұрсын Әбдірешұлы жаңа жұмысына арнады. Оның басшылығымен Шежін ауылдық мектебі бастауыштан орта мектеп деңгейіне көтеріліп, ғимараты толық жаңартылды. Сондай-ақ, Аққұдық пен Диханқайрат ауылдарындағы бұрынғы бастауыш мектептер орта мектепке айналдырылып, жаңа оқу ғимараттарына ие болды. Бұрын құрылысы тоқтап қалған Қорғас пен Үшарал ауылдарындағы орта мектептердің құрылысы аяқталып, олар өз жұмысын жаңа ғимараттарда бастады. 2003 жылы аудан қаражаты есебінен Ақкент, Керімағаш және Ақарыл бастауыш мектептерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ Сыпатаев пен Аманбайұлы атындағы, Сарытөбе ауылындағы орта мектептерде ішінара жөндеу жұмыстары атқарылды. Сол жылы Шежін және Қорғас негізгі (толық емес орта) мектептері орта мектептер деңгейіне көтерілді. Диханқайрат, Көкталарасан және Байбатшаев атындағы бастауыш мектептер негізгі мектептер болып қайта құрылды. Жиделі ауылында жаңа бастауыш мектеп ашылды, ал Луначарский атындағы орта мектеп орта мектеп-гимназия мәртебесін алды. Осы кезеңде ауданда алғашқы беймемлекеттік білім ошағы — лицей ашылып, бұл Панфилов ауданының білім беру тарихындағы маңызды оқиға болды. Аудан балаларының жазғы демалысы ерекше бақылауға алынды. Жеті жыл бойы қаңырап бос тұрған «Қарлығаш» атты қала сыртындағы сауықтыру лагері жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғырды.

Зейнеткерлікке шыққан соң Тұрсын Әбдірешұлы Талдықорған қаласына оралып, Талдықорған қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Кейін ол Талдықорған аймақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы болып сайланып, 2017 жылға дейін абыроймен еңбек етті. Бұл жылдары ол мол тәжірибесін қарапайым ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арнады. Тұрсын Әбдірешұлы 2020 жылы ауыр дерт салдарынан 81 жасында өмірден өтті.

Біз, ардагерлер Тұрсын Әбдірешұлының есімі Панфилов ауданындағы бір мектепке беру құрметіне әбден лайық деп есептейміз. Өйткені ол осы өңірде дүниеге келіп, туған жерінен қанат қағып, бар өмірін халық игілігіне, ағарту ісінің дамуына арнады. Бұл істе Қазақстан Республикасының елді мекендерінің аттарын өзгерту және тарихи-географиялық атауларын қалпына келтіру тұжырымдамасын басшылыққа аламыз. Онда елді мекен, көшелерге ең алдымен сол өлкеге қатысы бар адамдардың есімі берілуі жөн екені айтылған.

Кәдіржан ЖЕКСЕНОВ
Жетісу облыстық Қонаев қорының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
Жетісу тарихын сөйлеткен

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.