Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығында өтеді. Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт 20 наурызда басталады.
Құрбан айт мерекесі 27–29 мамыр аралығында аталып өтпек.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарлауынша, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде анықталған. Сондай-ақ мамандар діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.






