Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әскерге бару – әр азаматтың парызы

7 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Әскерге бару – әр азаматтың парызы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтің төрағалығымен азаматтарды әскерге шақыру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Қаладағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармада өткен жиынға аталған саланың өкілдері, қалалық полиция және денсаулық сақтау мекемелерінің жетекші мамандары қатысты. Күн тәртібінде 2025 жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының барысы қаралды. Кездесу барысында комиссия мүшелері әскерге шақырылған азаматтардың психологиялық дайындығын, денсаулық жағдайын және Отан алдындағы борышын өтеуге деген құлшынысын тағы бір мәрте нақтылады.

Қорғаныс саласындағы жауаптылардың сөзінше, әскерге бару – әр азаматтың парызы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 31-бабына сәйкес, ел Президентінің жарлығы және Үкімет қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі. Әскерге шақыру, кейінге қалдыру немесе шақырылудан босату негізінен 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды қамтиды. Сонымен бірге бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінде сарбаздардың әскери борышын абыроймен атқаруы үшін барлық жағдай жасалған. Бір жылдық әскери қызметін ойдағыдай аяқтаған азаматтар жоғары оқу орындарына тегін түсуге, сондай-ақ кәсіби әскери мансапты жалғастыруға мол мүмкіндік алады.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл облыс орталығынан 200 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған. Оның ішінде 78 сарбаз еліміздің Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтемек. Бүгінге дейін 48 азамат аттандырылған. Ал бұл жолғы комиссия отырысының қорытындысы бойынша 54380 әскери бөліміне тағы 30 азамат жолдама алған. Енді алдағы уақытта еліміздің Ұлттық ұлан сарбаздары сапына тағы 54 азаматты жөнелту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазір Мемлекеттік күзет қызметінде – 2, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде – 19 азамат өз борышын өтеуде. Ал биылғы жылдың көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласынан 185 азамат мерзімді әскери қызметке жіберілген болатын.

                                                                                                                                           Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.