Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Уақыт үрдісімен үндескен

08.11.2025
ЭКОНОМИКА
Уақыт үрдісімен үндескен
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасының элиталық тұқымын өсірумен шұғылданатын «Қамқорлық» ЖШС елдегі тәтті түбір тұқымын өндіретін жалғыз шаруашылық.

«Қамқорлық» ЖШС жетекшісі Әлен Жолдасов Қазақстан егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен, басқа да шетелдік ғалымдармен тығыз байланыс орнатып, тұтынушы талабынан шығатын қызылша тұқымын өсіруге ден қойды. Қазір бұл шаруашылықтың өндірісінде отандық ғалымдар шығарған «ҚазСиб», «Айшолпан» атты қант қызылшасының бірер тұқым түрі бар.

– Ауыл шаруашылығы министрлігі біз өсірген өнімнің сапасы мен өзіндік құнын бағалап, мол қаржы бөлді. Сөйтіп, қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтарға тиімді бағада тұқым сатуға, тәтті түбір алқаптарының кеңи түсуіне жағдай жасауда, – дейді Әлен Әбілмәжінұлы.

Өткен жылы өндірген өнімнің 60%-ын Жамбыл, 20%-ын Оңтүстік Қазақстан, қалғанын Жетісу облысының қызылша өсірушілері алып, сапалы мол өнімге кенелген.

– Жамбыл облысының басшылары Меркі қант зауыты мен аудандарындағы тәтті түбір өсіретін шаруашылықтардың бізбен үшжақты келісім жасауына мүмкіндік туғызды, – дейді Әлен Жолдасов.

Былтыр «Қамқорлық» ЖШС еңбеккерлері 3 гектарға жуық алқапқа Украина ҒЗИ ғалымдары шығарған бір дәнекті «Ялтушковская-30» және отандық ғалымдарымыз жасаған «Қазсиб-14» элиталық қызылша тұқымдарын өсіріп, жалпы 2,5 тонна таза, сапалы қант қызылшасының тұқымын жинады. Биыл да сұранысқа қарай осы деңгейде өнім өндіріп, таратуды мақсат етіп отыр. Қант қызылшасының сапалы тұқымын алудың басты талабы өндірілген аналық тұқым материалын қысқы суыққа ұрындырмай, аман алып шығу. Бұл бағытта серіктестік осы күнге дейін белгілі тәжірибелердің оңтүстік өлкеде тиімді технологияларын сынақтан өткізді. Тынбай тәжірибе жасаудың нәтижесінде соңғы бірнеше жылдан бері аналықты сенімді сақтаудың жолын тапты. Сыйымдылығы 1 миллион аналық материал сақтайтын жертөле қоймасын жасады. Бұдан басқа дала арықтарына (бораздалық) көму әдісімен алқаптарды аналық көшетпен қамтамасыз ететін тұқымдық материалдар дайындап жүр.

– Шаруашылық құрылған сәттен тұқым өсірудің қыр-сырын меңгерген тәжірибелі жұмысшылар «Еңбек даңқы» орденінің иегері Бақытгүл Құдайбергенова, Ахмет Азынахунов, механизаторлар Алпысбай Бексұлтанов, Ринат Дәулетов, агроном Бақыт Нүсіпжанов шаруашылық берекесінің алтын діңгегіне айналуда. Біз бүгін мектеп партасында отырған жеткіншекті өз ауылындағы өндіріс орнымен таныстырып, оның жұмысының сырын меңгеруіне жол ашудамыз. Үлкеншыған орта мектебіндегі оқушылармен тығыз байланыс жасап, жастардың біздің өндіріспен терең танысуына мүмкіндік жасадық. Оқушыларды жазғы демалыста алқапқа апарып, ақылы жұмыс беру арқылы еңбекке баулимыз, – дейді шаруашылық басшысы.

Бүгінде серіктестіктің өз машина, трактор стансысы бар. Ондағы техникаларды өндіріске пайдаланумен қатар көктемгі егін егу, күзгі жиын-терін науқандарында басқа шаруашылықтарға қызмет көрсету үшін табыс табуға жұмсайды. Шаруашылыққа біріккен қожалықтардың жерін жыртып, егінін егіп, өнімін жинап көмек көрсетеді. Өздері де азын-аулақ бидай, жүгері өсіреді. 2011 жылдан бері Ресейден өсімдік майын сығатын қуаттылығы жоғары агрегат сатып алып орнатып, мақсары (софлор) өсіруді қолға алды. Ресейден ағаш тілетін қуатты ара әкеліп, ауылдастарының құрылыс материалдарына деген сұраныстарын қанағаттандыру арқылы қосымша табыс табуда. Сол сияқты Қытайдан шағын зауыт жабдықтарын алып, қоспа жем дайындайды.

Кәсіпкер өндіріс орнының салаларын көбейтуді ойлап жүр. Бұған дәлел көпжылдық шөп егіп, жоңышқа тұқымын дайындауда. Серіктестік соңғы 3 жылда Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесіп, жоңышқаның «Жетісу» сұрыбын 3 гектар жерге өсіріп, одан жиналған өнімін жергілікті шаруаларға сатады. Қазақ ғылыми-зертеу институтының ғалымдары шығарған жүгерінің «Тұран-120» элиталық тұқымын өсіріп, жаркенттік жүгерішілерді жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етеді. Қазір шаруашылық өсірген қызылша тұқымы мен жүгері тұқымдарын толық жинап, егістік алқаптарына күзгі суару жұмысын қолға алды.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

09.02.2026
67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

09.02.2026
СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

09.02.2026
102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.