Қазақстандықтар 2025 жылдың соңғы айында 9 күн, ал 2026 жылдың қаңтар айында 12 күн демалады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Желтоқсан айында қосымша бір демалыс күні бар – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді.
Аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар үшін де 16 желтоқсан – ресми демалыс күні.
2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
– 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
– 1 және 2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс;
– 3 және 4 қаңтар – демалыс күндері;
– 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
– 7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество, демалыс күні.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
– 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
– 1 және 2 қаңтар – мерекелік демалыс;
– 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
– 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
– 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
– 7 қаңтар – демалыс күні (Рождество).
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын хабарлады.





