Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары 13 қарашаға қараған түні аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Внуково әуежайында Мемлекет басшысын Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук және өзге де ресми тұлғалар шығарып салды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты.
Мемлекеттік сапар аясында екі ел президенті Кремльде бейресми кездесу өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанда, оның бортын Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 әскери ұшақтары шекарадан қарсы алған болатын.





