Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Биыл қыс қандай болады?

17 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Биыл қыс қандай болады?

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан бойынша 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы наурызға арналған ауа райының консультативтік болжамы белгілі болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

«Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша республиканың басым бөлігінде қыс мезгілі қоңыржай жылы болады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында сақталады, бірақ кейбір кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ, тұман және мол жауын-шашын күтіледі. Желтоқсан айында ауа температурасы жиі ауытқып, жылы күндер мен суық аяздар кезектеседі.

Айлық орташа температуралар:

  • Республиканың басым бөлігінде – нормадан 1-2°С жоғары;

  • Оңтүстік-шығыс жартысында (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Абай, Қызылорда және Ұлытау облыстарының кейбір бөліктерінде) – норма шамасында.

Желтоқсан айындағы жауын-шашын:

  • Елдің басым бөлігінде – климаттық нормамен шамалас;

  • Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде – нормадан төмен болуы мүмкін.

  • Бұрқасын, дауылды жел, көктайғақ, тұман және оңтүстік циклондардың әсерінен аралас жауын-шашын (қар мен жаңбыр) күтіледі.

Температуралық ерекшеліктер:

  • Бірінші онкүндіктің соңында Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда түнде 23-28°С аяз, күндіз 13-18°С аяз болады;

  • Екінші және үшінші онкүндіктерде түнде 15-20°С аяздан 5-10°С аязға дейін, күндіз – 3°С аяздан 5-10°С аязға дейін ауытқиды;

  • Батыс пен оңтүстік аймақтарда айдың басында күндіз 5-10°С жылы, кейін түнде 0-5°С аязға дейін төмендейді.

Қаңтар айы:

  • Республиканың басым бөлігінде норма шамасында, шығысында – нормадан 1°С төмен;

  • Жауын-шашын республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік және таулы аймақтарда нормадан көп (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандары).

Ақпан мен наурыз:

  • Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында наурызда нормадан көп жауын-шашын күтіледі;

  •  Жалпы ауа райы жылы болады.

«Қатты жауын-шашын, қардың еру кезеңдері мен аязды ауытқулар топырақта және қар жамылғысында мұз қабыршығының пайда болуына себеп болып, 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне кері әсер етуі мүмкін», – деді «Қазгидромет» өкілі.

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.