Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда су тасқынына қарсы қорғаныс дамбылары салынып, өзен арналары нығайтылуда

17.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда су тасқынына қарсы қорғаныс дамбылары салынып, өзен арналары нығайтылуда

ТЖД

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында су тасқынына қарсы атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде бүгінге дейін жалпы ұзындығы 2 км қорғаныс дамбылары салынып, жөнделді, 5,8 км су бұру арналары мен арықтар орнатылып, 2,7 км өзен және канал арналары механикалық тазартудан өтті, өзендердің 4 шақырымында тереңдету, арналарын түзеу және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су тасқынының алдын алу жұмыстары облыстың даму жоспары мен 2025 жылдың жазғы-күзгі инженерлік жұмыстарының жоспары аясында атқарылуда. Қазіргі кезде Талдықорған қаласында «Үйтас» пен «Қаратал» саяжай қауымдастықтарының аралығында Қаратал өзенін механикалық тазалау, тереңдету, арнасын түзеу мен нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Сол сияқты Панфилов ауданы Сүптай ауылында Тышқан өзенінің арнасы нығайтылып жатыр. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу бағытында жүзеге асырылу жоспарланған 16 іс-шараның 8-і бүгінгі күнге аяқталған. Атап айтқанда, Сарқан ауданы Қарабөгет ауылында Лепсі, Көксу ауданында Быжы және Жарлыөзек өзендерінің жалпы ұзындығы 830 м арнасы түзетілді. Көксу ауданының Мұқаншы және Мұсабек ауылдарында 2,7 км жуық су бұру каналдары тереңдетілді. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 500 м су бұру каналы жайластырылды. Қаратал ауданы Көкдала ауылында және Ақсу ауданы Қапал ауылында су бұру каналдарының 2,5 км жуығы тереңдетілді. Сол сияқты тағы 8 нысанда осындай жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте өзен арналарын түзетіп, тереңдетумен қатар дамбы мен көпір орнату және жөндеу, су өткізу құрылыстарын жөндеу және өткізу қабілетін ұлғайту, магистралды каналдарды механикалық тазарту сияқты іс-шаралар атқарылып жатыр.

— Оған қоса жоспардан тыс Кербұлақ ауданы Шұбар ауылында Кескентерек өзенінің арнасы түзетіліп, тереңдетілді. Талдықорғанда Балықты, Қаратал ауданы Тастөбе ауылында Қаратал өзендерінің жағалауларын нығайту мен арналарын механикалық тазалау жүргізілуде. Жалпы алғанда су тасқынына қарсы жүргізілген  жұмыстардың арқасында өңірде ұзындығы 2 км қорғаныс дамбылары салынып, жөнделді, 5,8 км су бұру арналары мен арықтар орнатылып, 2,7 км өзен және канал арналары механикалық тазартудан өтті, 4 км-де тереңдету, өзен арналарын түзеу және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, санитарлық тазарту жұмыстары аясында 48 км канал, 71 км арық және 1489 дана су өткізу құрылысы тазартылды. Мұндай жұмыстардың су тасқынының алдын алуда маңызы зор. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жалғасады, — дейді  Жетісу облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ринат Тазабеков.

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.