Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда полицейлер колледж студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді

18.11.2025
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында полицейлер колледж студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары политехникалық колледж студенттеріне цифрлық қауіпсіздікке арналған профилактикалық дәріс ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жастар арасында цифрлық мәдениетті қалыптастыру және интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын нығайту.

Дәріс барысында мамандар буллингтің түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары туралы түсіндіріп, қауіп-қатерді ерте анықтау жолдарын көрсетті. Сонымен қатар мұндай жағдайларда қайда жүгінуге болатыны жөнінде кеңес берілді. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын кибербуллинг – қорлау, қорқыту, намысқа тиетін ақпарат тарату сияқты заңға қайшы әрекеттерге ерекше көңіл бөлінді. Полицейлер интернеттегі кез келген агрессия қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке әкелетінін, оның зардабы жәбірленушіге де, құқық бұзушыға да ауыр әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Профилактикалық кездесу студенттердің қызығушылығын тудырып, пікір алмасуға жағдай жасады. Олар мамандарға сұрақ қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Полиция өкілдерінің айтуынша, қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру – қоғам, ата-ана, педагог және барлық интернет пайдаланушылардың ортақ міндеті. Осындай шаралар Жетісу облысының білім беру ұйымдарында алдағы уақытта да жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.