Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттің жеделхатында Монако княздігінің халықаралық аренадағы беделі сенімді түрде артып келе жатқаны атап өтілген. Мемлекет басшысы елдің бірегей мәдени мұрасын сақтау және дамыту, орнықты даму қағидаттарын ұстану, қаржыны жауапты басқару мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы табыстарын жоғары бағалаған. Ол Монаконың осы бағыттағы үлгі боларлық тәжірибесі бүкіл әлем тарапынан құрметке ие екенін жеткізген.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да екі халықтың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен Монако халқына амандық, бақ-береке тілеген.





