Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

ХҚКО-ның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция: мемлекеттік қызметтердің сапасы – эволюция және жаңа мүмкіндіктер.

24 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

20 қарашада Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметтердің сапасы: 20 жылдық эволюция және жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы ғылыми-тәжірибелік форматтағы шара.

Конференция Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Жиынға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өкілдері, цифрландыру саласының сарапшылары, ғылыми және салалық ортадан келген зерттеушілер, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалдарының қызметкерлері қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев өз сөзінде бұл шараның Мемлекеттік корпорация тарихындағы алғашқы ғылыми-тәжірибелік конференция екенін атап өтіп, Тараз университетінің ректоры Мұхтар Байжұмановқа іс-шараны оқу орны базасында өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Жиырма жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары үлкен жолдан өтті. Енді алдағы даму кезеңінде жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Біздің мақсат – тәжірибемен бөлісу ғана емес, сарапшылардың пікірін тыңдап, үздік халықаралық практикаларды меңгеру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерді қалыптастыру. Бұл алаң жаңа бастамалар мен серіктестіктерге жол ашады деп сенемін», — деді Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, ғылыми-практикалық конференцияға қазақстандық мамандармен қатар шетелдік спикерлер де қатысты. KAIST профессоры Сэбом Джин, Грузия Әділет үйі басшысының орынбасары Наталья Абашмадзе және Әзербайжан Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің өкілі Канан Османов өз елдерінің тәжірибелерін таныстырды. Олардың баяндамалары цифрлық мемлекеттік басқару тәжірибесіне, сервистік реформаларға және инновациялық шешімдерді енгізуге арналды.

Конференция бағдарламасы ХҚКО қызметін талдауды, цифрлық трансформация мәселелерін және мемлекеттік қызмет көрсетудің үздік халықаралық тәжірибелерін қамтыды. Секциялық талқылаулар барысында отандық және шетелдік тәжірибелер салыстырылып, сервистік инфрақұрылымды дамыту бағыттары айқындалды.

Шара жыл қорытындысын шығаруға арналған маңызды алаңға айналып, мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестер арасындағы жаңа өзара іс-қимылдың орнауына серпін берді.

Маңыздысы, Тараз университеті Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтерді басқару» білім беру бағдарламасын іске қосқан алғашқы серіктес оқу орны. Бұл бағдарлама түлектері мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға үлес қосатын жас мамандар қатарын толықтырады.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.