Талдықорған: +38°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облыс әкімдігі ғалымдардың СЭС құрылысынан туатын қауіп туралы дабылына жауап берді

03.03.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облыс әкімдігі ғалымдардың СЭС құрылысынан туатын қауіп туралы дабылына жауап берді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында салынатын су электр стансаларының жобасында барлық талап мен ереже сақталған, келіп түскен ұсыныстар мердігерге жолданды, деп хабарлады облыстың бірнеше басқармасы Kursiv.media сауалына жолдаған жауабында.

Мәселенің мән-жайы

Жуырда Алматыда белсенді топ Көксу өзеніндегі СЭС құрылысы археологиялық нысандарға, петроглифтерге, су спортнына қауіп төндіретінін айтып, баспасөз мәслихатын өткізген. Осыған байланысты Kursiv.media облыстық әкімдікке сауал жолдап, бірнеше басқармадан жауап алды.

Қанша СЭС салынады

Белсенді топ Көксу өзенінде жеті СЭС салынуы мүмкін екенін айтқан. Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы  Гидроэнергетика саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Жетісу облысы бойынша 9 өзенде қуаттылықтағы әртүрлі 24 су электр стансасын салу көзделгенін жеткізді. Оның 9-ы сөз болып отырған Көксу өзенінде салынбақ.

СЭС салудағы себеп облыс тұтынатын (2 209,5 млн. кВт/сағат) электр энергиясының жартысынан көбін (1370,9 млн.кВт/сағат) сырттан сатып алады.

«Тұтынылған электр энергиясының тек 38%-ы облыстың өз өндірісіне тиесілі. Электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты облыста жаңартылатын энергия көздерін салу қажеттілігі туындауда» дейді басқармадағылар СЭС салу себебін түсіндіріп.

Басқарма 2025 жылы Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандарының әрқайсысында бір СЭС құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын, барлық жұмыс жеке инвестициялар есебінен жүргізілетінін жеткізді.

«Құрылыс нормалары бұзылды» деген уәжге қатысты

Ғалымдар баспасөз мәслихатында құрылыс жобасы қоғамдық талқыға шығарылмады, сол арқылы Экологиялық кодекстің 13, 14, 17-баптары бұзылды деген болатын.

Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көксу өзенінің бойындағы 1 және 2 Рудничный СЭС-ының құрылысы III санаттағы объектіге жатқызылғанын, оған сай, қоғамдық тыңдау бірыңғай экологиялық портал (ecoportal.kz) арқылы 2024 жылғы 11-18 наурыз аралығында өткенін атап өтті.

«Жария талқы барысында жұртшылық тарапынан ескерту мен ұсыныс түскен жоқ. Қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 18 наурызда қоғамдық тыңдаудың хаттамасы шығарылды» делінген басқарма жауабында.

Құрылыстың қоршаған ортаға әсері

Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жоба экологиялық талаптарға сай екеніне сендіреді.

«Жобаның заңнамалық және экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында 2024 жылғы 2 сәуірде Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптаманы қарастырып, оған оң қорытынды берді. Бұл құжат жобаның экологиялық стандарттарға сай екенін растайды» дейді басқармадағылар.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жобаның жүзеге асырылуы қоғамда пікірталас тудырғандықтан, жергілікті халықпен бірнеше кездесу ұйымдастырылғанын айтты.

«Бұл кездесулерге Кербұлақ ауданы мен Текелі қаласының әкімдері, жауапты басқарма басшылары, мердігер компания өкілдері және Қазақстан Рафтинг федерациясының мүшелері қатысты. Соңғы кездесу 2025 жылғы 5 ақпанда өтті. Кездесуге ақатысушылардың ұсыныстары мердігер «ЭнергоБилдСервис» ЖШС-не жолданды» делінген жауапта.

Басқарма құрылыс жұмыстары әлі басталмағанын, тек шағын аумақта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Археологиялық нысандарға әсері

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта СЭС салу жобасын іске асыратын мердігер ұйым археологиялық зерттеулерді жүргізуге конкурс жариялағанын жеткізді.

Ал Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының алдын ала деректеріне сәйкес, «жобаны жүзеге асыру аумағында петроглифтер анықталмаған» деп отыр.

Рафтинг спортына зияны туралы

Қазақстан Рафтинг федерациясының президенті Константин О Көксу өзініндегі СЭС құрылысы өзенде Рафтинг спортын дамытуға балта шабатынын айтқан.

Мәселеге байланысты Kursiv.media сауалына Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мардымды жауап бермеді.

Тек Рафтинг федерациясы 2023 жылы Көксу өзенінде фестиваль өткізгенін растап, «2024 жылы жарыстар өткізілмеді, 2025 жылға жарысын өткізу бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына енгізілмеген» деп жауап берді.

Ал ғалымдар мен спортшылардың «әкімдік кұрылыс жобасын бермей отыр» деген шағымын жауапсыз қалдырған. Kursiv.media аталған мәселеге байланысты әкімдікке қайта сауал жолдайтын болады.

Бұған дейін, ғалымдар, қоғам белсенділері мен спортшылар Көксу өзеніндегі СЭС құрылысы ықтималды қауіп төндіретініне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген. Белсенді топ баспасөз арқылы Жетісу облысының әкімдігіне қайырылып, зардап ауқымын анықтау үшін құрылыс жобасын беруді сұраған. 

Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қатысты жаңалықтар

Білім бәйгесіндегі биік белес

Білім бәйгесіндегі биік белес

16.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – қоғам үнін жеткізетін маңызды алаң

16.08.2026
Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026
Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

15.08.2026
Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.