Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сауда және интеграция вице-министрі Жетісуда баға тұрақтылығы мен логистика мәселесін талқылады

29.11.2025
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Сауда және интеграция вице-министрі Жетісуда баға тұрақтылығы мен логистика мәселесін талқылады

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың жұмыс сапары барысында өнімдерді жеткізу, әлеуметтік баға белгілеу, экспорттық мүмкіндіктер және цифрлық нарық құралдары талқыланды.

Бірінші вице-министрдің жұмыс сапары Талдықорғандағы жаңартылған көкөніс сақтау қоймасынан басталды. Мұнда баға тұрақтылығы, сауда инфрақұрылымын дамыту және аймақтың сыртқы нарыққа шығу әлеуетін пайдалану туралы сөз қозғады.

Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев нысанның күзгі-қысқы кезеңге дайындығын көрсетті. Айжан Бижанова сақталатын өнім көлемін тексерді. Қазіргі уақытта қоймада 1650 тонна көкөніс сақталған. Оның 1200 тоннасы картоп, 200 тоннасы сәбіз және 250 тонна пияз. Жауапты мамандардың айтуынша, жақында қосымша тағы да 680 тонна көкөніс қабылданады. Бұл бекітілген жалпы көлемді 2330 тоннаға немесе келісімшарттағы жеткізудің 60 пайызынан астамын құрайды. Жалпы 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың сәуір айына дейін 3804 тонна өнім сақталатыны келісілген. Бүгінде картоптың келісі 180-200 теңгеден сатылуда.

Қойма сыйымдылығын көрген Айжан Бижанова бұл халықты азық-түлікпен қамту жұмысының бір ғана бөлігі екенін атап өтті. Аграрлы аймақ болғандықтан ең бастысы өнімдердің тұтынушыларға кідіріссіз жетуін қамтамасыз ететін тиімді логистика мәселесін шешуді тапсырды. Ол кәсіпкерлерді логистикалық бағыттарды дамыту жобаларын ұсынуға шақырып, министрліктің мұндай бастамаларды қолдауға дайын екеніне сендірді.

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимованың айтуынша, тұрақтандыру қоры мен несиелендірудің арқасында облыста әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы тұрақты болып отыр. Өндірушілермен көктемде келісімшарт жасалып, күзде белгіленген бағамен өнім жеткізіледі. Бұл жұмыстардың нәтижесін халық көруде. Оған дәлел, шаруалар өнімі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашқан 7 әлеуметтік дүкен сөресінде толып тұр. Есесіне мұндағы бағалар базар бағасынан 10-15 пайызға төмен. Корпорация облыстағы 16 кәсіпорынмен серіктес болып, тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сапар барысында қоғамдық өндірістік кооперативтің тарату арналарын кеңейту бағытында жұмыс істеп, Талдықорған қаласындағы ірі және шағын базарлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны да айтылды.

Көкөніс қоймаларындағы жұмыспен танысқан соң облыстың индустриалды және логистикалық әлеуеті барын тілге тиек еткен вице-министр:

– Жетісу облысының географиялық орналасуының өзі сіздерге берілген үлкен мүмкіндік. Ауыл шаруашылық әлеуеті және үлкен көлемде өнім шығаруға қабілетті өндіріс орындарының болуы аймақты сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті етеді. Жан-жақты мүмкіндікті тиімді пайдалана білу керек. Шикізаттық емес өнімдерге әлемдік сұраныстың өзі артып келеді. Сондықтан жүйелі экспорттық желіні ұйымдастыру маңызды екенін естен шығармауымыз керек, – деді.

Ішкі нарықтың жай-күйіне тоқталған Айжан Бижанова сауда экономиканың ең ірі секторларының бірі болып қала беретінін атап өтті. Мәселен, өнеркәсіпте шамамен 1,5 миллион адам жұмыс істесе, 800 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Сондықтан да мемлекет пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды, несиелерге кепілдік беруді және сауда нысандарын, соның ішінде сауда орындарын жаңғыртуды қолдауды жалғастыруда.
Тіл сарайында жалғасқан басқосуда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сауда үстемелеріне бақылау күшейтілгені сөз болды. Ең жоғары шекті 15 пайыз сақталып, ескертулер тікелей айыппұлдармен ауыстырылды. Жәрмеңкелер мен көрмелерді өткізу ережелері жаңартылды. Енді өтінімдер тек онлайн түрде беріледі. Мұндай орындардағы бағалар нарықтағы орташа деңгейден төмен белгіленді.

Вице-министрдің айтуынша, енді жалдау ақысын көтеру жылына бір рет қана рұқсат етіледі және өзгерістер туралы алты ай бұрын ескерту қажет. Бұл қадам елдегі барлық сауда нүктесіне таралмақ. Министрлік ішкі нарықты қорғауды күшейтіп, демпингке қарсы шаралар мен бірқатар тауарға шектеу енгізіп, баға тұрақтылығына ерекше көңіл бөлінуде.

Айжан Бижанова негізгі тауарлар құнының өсуін тежеу үшін әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізімін уақытша кеңейту қарастырылып жатқанын хабарлады. Мұндағы басты мақсат – бизнестің мүддесін де, халықтың сұранысын да ескеретін теңгерімді шешім табу.

Жиын соңында сауданы цифрландыру мәселесі талқыланды. Құжат айналымын жеңілдететін және қателер қаупін азайтатын өнімді жіктеу құралдары да назардан тыс қалған жоқ. Вице-министр Ұлттық өнім каталогының маңыздылығына тоқталды. Бұл – ірі сауда желілері мен базарлар пайдаланатын цифрлық деректер базасы. Болашақта барлық бөлшек саудагерлер үшін де міндетті болмақ. Каталог өнімнің қозғалысын дәлірек бақылауға және маусымдық баға өзгерістеріне жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Вице-министр бүгінгі таңда сауданың дамуы логистикаға, цифрлық шешімдерге және ашық ережелерге сүйенетінін атап өтті. Бұл тәсіл нарықтағы тепе-теңдікті сақтауға және кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін де тұрақты орта құруға көмектеседі.

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.