Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Несие кезіндегі сақтандыру: не өзгерді және нені білу керек?

09.12.2025
КҮНДЕРЕК
Несие кезіндегі сақтандыру: не өзгерді және нені білу керек?

BAQ.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда соңғы жылдары банк өнімдерімен бірге ұсынылатын сақтандыру қызметтері қаржы нарығындағы ең талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Несие рәсімдеген кезде қосылатын полис, клиенттің келісімінсіз берілетін қызметтер және олардың құқығы төңірегінде қоғамда көптеген сұрақ туындап келеді.

Неліктен банк сақтандыруы маңызды?

Қаржы мамандарының айтуынша, сақтандыру нарығы банктер арқылы айтарлықтай үлесін қалыптастырады. Яғни бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қарапайым тілмен айтқанда, банк сақтандыру компаниясына клиент алып келеді.

Азаматтардың көбі сақтандыру полисін ерікті түрде емес, несие рәсімдеу кезінде алады. Бұл – бір жағынан қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал, бірақ екінші жағынан клиенттің құқықтық сауаты төмен болса, артық шығынға әкелуі мүмкін, — дейді қаржыгер Батырхан Демесінов.

Неден ұтылып жүрміз?

Ақша іздеп қысылғанда банкке қарай жүгіретініміз жасырын емес. «Ақша шықса болды» деп, көп жағдайда өз құқығымыздың тапталып жатқанына мән бере бермейміз. Сонымен, біз неден ұтылып жүрміз?

Атын атамауды өтінген банк қызметкерінің айтуынша, көптеген банктерде менеджерлерге сақтандыру полисін сату жоспары беріледі. Жоспар орындалмаса, бонус та, жалақының бір бөлігі де төленбейді.

Клиентке сақтандырудың міндетті емес екенін ашық айтсаң, жоспарды орындау қиын. Сондықтан көп жағдайда міндеттеуге тура келеді. Тығырықтан жол іздеп келген адамдардың оған келіспеуге амалы қалмайды, — дейді банк менеджері.

Сондай-ақ ол несие рәсімдеуге келген азаматтардың әлі де қаржылай сауатсыз екендігін айтады.

Көп жағдайда сақтандыру несиеге қосымша ретінде рәсімделеді. Полис бағасы негізгі қарыз сомасына қосылып, қарыз алушы артық үстемақы төлеуге мәжбүр болады. Тіпті аннуитеттік және дифференциалдық төлем жүйесінің бар екенін білмейтіндер де кездеседі, — дейді ол.

Жаңа талаптар: клиент құқығы күшейді

Соңғы жылдары Заңға енгізілген өзгерістер банктердің бұл әрекетіне тосқауыл болып отыр. Яғни банктердің сақтандыруды «міндетті» қызмет ретінде таңуына шектеу қойды. Енді банк несиені тек белгілі бір сақтандыру компаниясының полисімен ғана бере алмайды. Тұтынушы қалаған сақтандырушыны өзі таңдай алады. Бұл нарықтағы барлық банк жүйесінде тұрақты жұмыс жасап бастаған бағыт.

Осы салада қарапайым адамдарға сақтандыру полистерімен келісімшартты бұзысып, қаражатты қайтаруға көмек көрсететін мамандар бар. Қызметтерінің құны да сол қайтарылған сақтандыру полисі ақысының 10%-ына тең. Солардың бірі – Айдана Слам. Ол қосылған сақтандырудан 14 күн ішінде бас тартуға мүмкіндік барын көбісі білмейді дейді.

Банк несие рәсімдегенде өз пайдасы үшін мұндай ақпараттарды айтпайды. Дегенмен заң жүзінде 14 күн ішінде сақтандырудан бас тартуға болады. Бұл мерзім ішінде клиент толық ақшасын қайта ала алады, — дейді ол.

Бірақ ескеретін бір жайт бар, ол банкпен жасалған келісімшартта полистің шарттары ашық әрі нақты көрсетілуі тиіс. Әсіресе төлемді қайтару жағдайлары, тәуекел түрлері, комиссиялар. Сонымен қоса, егер рәсімделген несиеңізді мерзімінен бұрын өтесеңіз де қалған сақтандыру ақшасын қайтарып алуға болады.

Бұл өзгерістер банк пен тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты реттеуде маңызды рөлге ие. «Сақтандырудан бас тартқаны үшін несие тарихыңыз нашарлайды» деу орынсыз. Енгізілген өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Банк пен сақтандыру компаниялары үшін не өзгереді?

Жаңартылған талаптар қаржы ұйымдарына да жаңа міндет жүктейді. Банктер енді әрбір өнім бойынша клиентке толық ақпарат беруге, сақтандыруды несие шартына «жасырын» енгізбеуге міндетті. Ал сақтандыру компаниялары полистің мазмұнын қысқа әрі түсінікті етуге, онлайн рәсімдеу кезінде де ашықтық сақтауға тиіс.

Нені ескерген жөн?

Жаңа талаптарға қарамастан, кез келген келісімшартты рәсімдеу кезінде сақ болу қажет. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген маман былайша кеңес береді:

  • Алдымен қосымша сақтандырудың міндетті немесе міндетті емес екенін нақтылап алыңыз;
  • Полисті оқымай қол қоймаңыз. Әсіресе төлемнің қайтарылатын-қайтарылмайтын шарттарына назар аударыңыз;
  • Бағаларды салыстырыңыз. Әртүрлі сақтандыру компаниясы ұсынатын тарифтердің айырмашылығы болады;
  • 14 күн ішінде бас тарту құқығын пайдалану мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Банк арқылы ұсынылатын сақтандыру тек банктің емес, клиенттің де мүддесін қорғауы тиіс. Соңғы өзгерістер осы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Қарапайым тұтынушы тек сауатты әрі сақ болса, артық шығыннан да, орынсыз талаптардан да қорғана алады.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.