Талдықорған: +33°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауқымды міндеттер жүктеді

11.11.2025
КҮНДЕРЕК
Ауқымды міндеттер жүктеді

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жыл сайынғы Жолдауы мемлекетшілдіктің, отаншылдықтың айқын белгісін көрсетеді. Жалпы, экономикалық даму жолындағы қажетті тетіктерді жетілдіруге арнайы тоқталатын Мемлекет басшысы заман талабынан туындап отырған тақырыптарды меңгеруге назар аудартады. Биылғы Жолдауына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деген тақырып қоюының өзі көп жайтты аңғартса керек.

Иә, шынын айту керек, қазіргідей ғылыми ізденістер жетістігі алға шыққан кезеңінде заманауи технологияны меңгермеу кемшілік болар еді. Сондай болмас үшін Президент жасанды интеллектіні қоғамның барлық саласына кіріктірудің аса қажет екенін ұғындырды. Сол үшін биылғы Жолдауын 7 бөлімге бөліп, қоғамның барлық салаларында жаңа технологияның мүмкіндігін еркін пайдаланудың тиімділігін алға тартты. Әсіресе, өзім жақсы білетін құрылыс саласына айтылған пікірі кәдімгідей елең еткізді. Өз сөзінде: «Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй құрылысы саласына айрықша назар аударған жөн. Былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен бірге құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек. Үкімет құрылыстың барлық кезеңдерін толық есепке алуды, жоспарлауды, оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет. Ал жаңа Құрылыс кодексі осы саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына жол ашатын берік заңнамалық негізге айналуға тиіс. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Депутаттардың бұл жұмысқа атсалысуын сұраймын» деген Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы заман талабынан туындап отырғанын білуге болады. Өйткені, мемлекеттің жағдайының жақсарғаны негізінен жүргізілген құрылыс жұмыстарынан айқын көрінеді. Сондықтан ескірген жүйемен, тозған техникамен қазіргі жұртшылықтың талабына сай келетін ғимарат салу қиын. Ал, жаңа дәуірдің жас тұрғындары хайтек үлгісіндегі үйлерде тұрып, өмір сүргенді қалайды. Кейінгі буынның үдесінен шығу үшін ғаламдық технология төңкерісінің жетістіктерін кеңінен пайдалану керек-ақ. Қазір бұл жағынан алғанда еліміз Орта Азия кеңістігінде өзге елдерден озық тұрғанын көріп, біліп жүрміз. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақстан Республикасы ғаламдық сауда желісінің қозғаушы тетігіне айнала алатынын дәлелдеді. Оған жақында ғана Достық – Мойынты теміржол желісінің екінші желісінің іске қосылуы мысал. Еуропа мен Азияны жалғап жатқан теміржол желісі Қытай Халық Республикасынан шыққан тауарларды Балтық жағалауындағы, Ақ Теңізді қоршай жатқан елдерге жеткізумен ерекшеленеді. Міне, ұзындығы 836 шақырымға тең ғасыр құрылысының алдағы жұмыс істеуіне жасанды интеллекті мен цифрландырудың кеңінен қолданылатынын жеткізген Қасым-Жомарт Кемелұлының Құрылыс кодексін жаңадан дайындау туралы тапсырмасы алдағы жылдардың еншісінде ауқымды міндеттер мен биік межелер тұрғанын білдірсе керек. Ендеше, биылғы Жолдау жүктеген жауапкершілікті көпшілікке түсіндіру кезек күттірмес мәселе деп білемін. Бұл бағытта Жетісу облыстық мәслихатының депутаттары белсенді жұмыс атқаруға дайын.

Қайрат КЕРЕЕВ,
облыстық мәслихат депутаты

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.