Талдықорған: -1°C
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бейбіт Исабаев Ақсу аудандық аурухананың жөндеу жұмысын сынға алды

10.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Бейбіт Исабаев Ақсу аудандық аурухананың жөндеу жұмысын сынға алды

Жеңіс Ысқабай, Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Ақсу аудандық орталық ауруханасы ғимаратының жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты тиісті облыстық басқарма мердігер мекемеге қатысты қатаң шаралар қабылдауы және құрылыс жыл соңына дейін аяқталмаса, басқа мердігер қарастыруы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев  Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халықпен кездесуі барысында өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен баяндады. Осы ретте ұзақ уақыттан бері жыр болған аудандық аурухана ғимаратының жөндеу жұмыстарын сынға алды.

– Аурухананы жөндеу жобасын қарағандылық «RAKADA GROUP» серіктестігі ұтып алған болатын, жұмыс қарқыны өте нашар, сын көтермейді. Серіктестікке жұмысты мерзімінде жүргізбегені үшін бірнеше рет айыппұл салынды. Жыл соңына дейін жұмыс аяқталмаса, мердігермен келісімшартты тоқтатып, басқа мердігерді қарастыруды тапсырамын. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бітіру керек, – деген Бейбіт Исабаев облыстық құрылыс басқармасына нақты тапсырма берді.

Бұл аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін рентгендік флюорографиялық жылжымалы цифрлық кешен, импедансометрия, аудиологиялық скринингке арналған жүйе т.б. қажетті жаңа медициналық жабдықтар алынған, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін орнатылады. Жалпы, соңғы екі жылда ауданға 6 санитарлық автокөлік сатып алынған. 

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында былтыр Құрақсу, Қопа, Еңбек ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер орнатылса, биыл Қаракөз, Көкжайдақ, Жаналық ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, Ащыбұлақ, Көлтабан ауылдарында медициналық пункттер тұрғызылды. Ал Көшкентал ауылындағы дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін аяқталады.

Дәрігер тапшылығын шешу мақсатында аудан бойынша соңғы екі жылда 12 дәрігерге 10 млн. теңгеден көтерме жәрдемақы төленді. Дәрігер тапшылығын жою бағытындағы бұл жұмыстар жалғасады.   

Ал білім беру саласында өткен жылы Көшкентал ауылында 180 орындық мектеп пайдалануға берілсе, биыл Көлтабан ауылында 120 орындық мектеп салынып жатыр, балалар 3-тоқсанды жаңа мектепте бастайды. Сол сияқты Жансүгіров ауылындағы Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтті.

– Мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ. Матай, Есеболатов ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталса, Арасан ауылында келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қапал ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Спорт бойынша былтыр Қапал ауылында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры арқылы спорттық кешені берілді. Алдағы уақытта да халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты және жүйелі шаралар жалғасатын болады, – деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Қатысты жаңалықтар

Бабалар рухы кернеп тұр

Бабалар рухы кернеп тұр

03.03.2026
Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

02.03.2026
Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

02.03.2026
Жетісуда спорт залы бар Мәдениет үйі ашылды

Жетісуда спорт залы бар Мәдениет үйі ашылды

02.03.2026
Жаңа Конституция цифрлық құқықты арттырады

Жаңа Конституция цифрлық құқықты арттырады

02.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.