Талдықорған: +22°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәнті еткен «Тағдыр тақтасы»

27.02.2025
КҮНДЕРЕК
Тәнті еткен «Тағдыр тақтасы»
WhatsAppTelegramFacebook

«Жаңа ғасыр» театры гастрольдік сапармен Талдықорған қаласына келді.  КСРО халық әртісі, ҚР Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тағдыр тақтасы» қойылымы алғашқы күні көрермен назарына ұсынылды. 

Спектакльдің басты символы – тағдыр тақтасы. Асанәлі Әшімов­тің өмірі дәл шахмат тақтасы секілді ақ пен қараның күресі, түрлі жандармен кездесу және қоштасу, жетістіктер мен сәтсіздіктерден тұрды. Спектакльде тағдырына әсер еткен ірі тұлғалар мен ғажап адамдар да бейнеленді. Қойылымда актердің анасының, жары Майра Айманова мен балаларының, әріптес достары, сондай-ақ, қазақ театрының тарландары – Шәкен Айманов, Нұрмұхан Жантөрин, Әзірбайжан Мәмбетов, Асқар Тоқпанов, Әнуар Молдабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Фарида Шәріпова сияқты өнер өкілдерінің образдары сомдалады. Бұл тұлғалар оның шығармашылығына, өнердегі жетістіктеріне әсер еткен, қолдау көрсеткен, қиын сәтте жанына үміт сыйлаған жандар. Олардың бейнелері көрерменнің көңілінде сағыныш пен ерекше құрмет сезімдерін оята түсті. Асанәлі Әшімовтің бейнесін Қуаныш Әділбекұлы сомдады. Жары Майрамен шаңырақ көтеріп, 35 жыл бойы бірге өмір сүрді. Екеуінің шаңырағында Мәди мен Сағи есімді екі ұлы дүниеге келді. Спектакльде сүйген жарынан, қос ұлынан айырылған кейіпкер өміріндегі әрбір кезең шынайы және әсерлі түрде көрсетілді. Көрерменге ерекше рухани әсер берді.

Қойылымда актердің жастық шағынан бастап, өнерге қадам басқан сәттері, сахна мен экрандағы бейнелері, жеке өміріндегі сынақтары мен жеңістері туралы сыр шертеді. 

Қазақ өнерінің мақтанышы Асанәлі Әшімовтің өмір жолы – тек шығармашылық ізденістер мен жетістіктерден ғана тұрмайтыны анық. Театр сахнасында қойылған автобиографиялық қойылым – осы бір жан тебірентерлік оқиғаны көрерменнің көз алдында тірілтті. 

Асанәлі Әшімовтің жары Майра мен қос ұлы Мәди, Сағиға деген сағынышы сомдалған сахна көпшіліктің жүрегін елжіретті. 1993 жылы Майраның өмірден өткені оның жүрегіне жазылмас жара салды. Өмірлік серігінен айырылған актердің жан күйзелісі шынайы бейнеленді.  Асанәлі Әшімовтің «Әйел көп, Майра біреу» деген сөзі – махаббат пен сағыныштың символына айналғандай. Бұл сөз көрерменнің жан дүниесін толқытып, өнер иесінің ішкі қайғысын сезіндіре түсті. Жанындай жақсы көрген жарының бейнесі, Мәди мен Сағиға деген орны толмас сағынышы қойылымның ең әсерлі сәтіне айналды.

Рас, Асанәлі Әшімов өмірін өнерге арнаған дара тұлға. Ол тірліктің өткінші, өнердің мәңгі екенін жақсы түсінді. «Өмірдің баяны жоқ, өнердің аяғы жоқ» деген сөзі актердің тағдырға деген көзқарасын, өнерге деген адалдығын білдіреді. 

Қойылым соңында актердің тағдырдың жазуына мойынсұнып, қайта үйленгені және ұлды болғаны баяндалады. Өмір бойы ауыр сағынышпен жүрген актердің қайтадан отбасы құруы, әке атануы – жүрегіне сәуле сыйлады. Қойылымның ең әсерлі тұсы – Асанәлі ағамыздың өзі сахнаға шығып, «Жан балам» әнін орындаған сәті еді. Бұл ән – актердің жүрек түкпірінен шыққан сағынышының көрінісі болды. 

«Жан балам, жабырқасам
Мәдиімсің,
Сүйетін сағынғанда

Сағиымсың». 

Осы бір жолдар оның қос перзентіне деген шексіз махаббаты мен сағынышын жеткізді. Ән орындалып жатқанда, көрермен үнсіз тыңдап, толқыныспен көз жасына ерік берді. Бұл сәт – бүкіл залды ерекше сезім көмкеріп, сахна мен шынайы өмірдің арасындағы шегараны жойылғандай әсер қалдырды. Жан тебіренткен тағдырлы қойылымнан үлкен толқыныспен аттанғанымыз да жасырын емес… Өнер де, сол өнер үшін саналы ғұмырын арнаған Асанәлідей алып тұлғаның да мәңгілік екенін қуаттап қайтқандай болдық.

Айжан БОЛАТОВА
СДУ білімгері

Қатысты жаңалықтар

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026
Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

15.08.2026
Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

15.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

15.08.2026
Басты мақсат – отадан кейін отбасымен   аман қауыштыру

Басты мақсат – отадан кейін отбасымен аман қауыштыру

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.