Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда виртуалды аутопсия енгізілетінін мәлімдеді.
«Виртуалды аутопсияны» енгізу жоспарлануда. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі,-деді министр.
Сондай-ақ министр жасанды интеллектті пайдалана отырып, «Е-сараптама 2.0″ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет екенін айтты. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес.
Дереккөз: BAQ.KZ
Фото: strategy.nobl.ru





