Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Оразаға үш күн қалды: нені білу қажет

26 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Оразаға үш күн қалды: нені білу қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Мұсылман күнтізбесіндегі қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Оның ерекшелігі сол – мұсылмандар бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан айында мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады.

Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық, сабырлық пен кешірімділік айы.

Ораза қашан басталады

2025 жылы ораза 1 наурызда басталады. Яғни мұсылмандар 1 наурызға қараған түні сәресіне тұрып, ауыз бекітеді.

Ораза кімдерге парыз

Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.

Алайда қасиетті айда мына адамдарға ораза тұту міндет емес. Олар:

  • жолаушылар;
  • науқас адамдар;
  • жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.

Сәресі мен ауызашарда оқылатын дұға
Ораза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде «Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім» дейді.

Ал ауызашар кезде «Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!» дейді.

Оразаны не бұзады

  • ораза ұстағанын біле тұра ішіп-жеу;
  • темекі тарту, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
  • аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
  • әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
  • себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық затты әдейілеп жеу.

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.

Оразаның пайдасы

Жалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен бойындағы жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.

Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: Ораза – сабырдың жартысы» деген.

Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді.

Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.

Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.
Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.

Дереккөз: ozgeris.info 
Фото: muftyat.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.