Талдықорған: +3°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалың қалай, қара өлең?

20.12.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Қалың қалай, қара өлең?

azbyka.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Поэзия – уақытпен бірге түлеп, заманның тамыр соғысын дәл басып отыратын тірі құбылыс. Әр дәуір өз үнімен, өз тынысымен келеді. Алайда соңғы жылдары жастар поэзиясында алаңдататын үрдіс айқын байқала бастады. Ол – жасандылық. Шынайы сезімнен емес, қолдан құрастырылған қайғыдан, жалған пафос пен сыртқы әсерге құрылған өлеңдер көбейіп келеді.

Мәселен, кейбір жас ақындар бастан өткермеген қасіретті өздері кешкендей суреттейді. Жаны жараланбаған күйде жанайқай жазуға тырысады. Мұңды терең түсінбей тұрып мұңға батып жырлау – поэзияға сән бергенмен сенім сыйламайды. Оқырман мұндай жасандылықты бірден сезеді. Себебі, шынайы асқақ рухты өлең ғана жүрекке жетеді.

Тағы бір қауіпті құбылыс – жалған ұраншылдық. Содан соң маржандай тізілген әдемі сөз, ауыр тіркес, бірақ ешқандай сезімнен құралмаған өлеңдер оқырмандарға түсініксіз болып жатады. Әсіресе, өмірден түңілу, жолы болмаған тағдыр, баянсыз махаббат, үздіксіз бақытсыздықты жырлау сәнге айналғандай. Ең сорақысы, өлімді романтикаға айналдырып, депрессияны поэзияның негізгі өзегіндей көрсету. Мұндай жырлар, әрине, әлсіз жанды жұбатпайды, керісінше, тығырыққа тірейді.

Ал поэзияның шын миссиясы қандай еді? Ол – үміт отын сөндірмеу, жаралы жүректі жұбату. Қараңғылықта жарық болып, жол сілтеу. Міне, осындайда өлең жанның дәрісі, рухтың тірегі болуы тиіс. Қайғыны жазуға болмайды демейміз, бірақ оны өмірден бездіру үшін емес, өмірді түсіну үшін айту керек. «Көш жүре түзеледі» дегендей, әйтсе де уақыт өте жастар поэзиясы әлі биіктерден көрінетініне еш күмән келтіруге болмайды.

Сол үшін бүгінгі әдеби ортада жауапкершілік мәселесін көтеру маңызды. Аға буынның көрсеткен тәлімі әр буынның, әр жастың тағдырына әсер етуі мүмкін екенін ұмытпау қажет. Поэзия – аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – өнерге жасалған қиянат.

ҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚАТЕЛІК

Әдебиет сабақтастыққа негізделген рухани кеңістік. Кеше жас болған буын бүгін аға атанып, кейінгі толқынға бағыт-бағдар беруі міндетті. Алайда қазіргі поэзия әлемінде бұл табиғи үрдіс жиі бұзылып, шегіншектеп келеді. Аға буынның бір бөлігі жас ақындарға жөн сілтеудің орнына оларды бәсекелес ретінде қабылдап, бақталасып, бақастық жасап жолын кесуге бейім.

Әсіресе мүшәйралар мен әдеби байқауларда бұл көрініс анық байқалады. Қазылар алқасында отырған алғы буын өкілдері жүлдені өзара бөлісіп, жастарды шетке ысырып қоятын жағдайлар аз емес. Әділ бағадан гөрі атақ пен тамыр-таныстық алға шығып кеткендей әсер қалдырады. Мұндай ортада поэзияға шынайы махаббатпен келген жас қаламгердің жігері жасымай қайтсін?!

Кез келген жас ақын о баста жырға сеніммен келеді. Үлгі іздейді. Сөздің киесін ұғындыратын, өнеге көрсететін ұстаз күтеді. Ал ол өзіне суық қабақ, менсінбеу, тіпті ашық бақастық көрсе, әдебиеттен жеріп кетуі әбден мүмкін. Бұл – бір ғана жастың емес, тұтас болашақтың бұлыңғыр тартуының бастауы болмаса игі.

Тағы бір ойлантатын мәселе – атағы асқақ, лауазымы биік болғанымен шығармашылық тұрғыда тың дүние ұсына алмай жүрген кейбір аға-әпкелер. Олардың өлеңінен уақыттың үні де, көркемдік жаңалық та табыла бермейді. Сонда мұндай тұлғалар жасқа қандай өнеге көрсете алады? Қалай бағыт-бағдар береді?

Жалпы әдебиетте жас пен кәрінің күресі емес, әділдік пен таланттың жарысы болуы керек. Аға буынның міндеті – биіктен қарап бағалаудан бұ- рын төменде-гілерге еңкейіп, оларды демеу. Себебі, бүгінгі жас – ертеңгі әдебиеттің иесі. Сондықтан поэзияда шынайы ұстаздық, адалдық, рухани кеңдік салтанат құрмайынша әдеби ортада сенім де, өсім де болмайды. Бұл мәселені ашық айту – поэзияның болашағына алаңдаудан туған азаматтық үн.

АҚЫНДЫҒЫ ЖОҚ «АҚЫНДАР»

Кітап шығару, кеш өткізу, иыққа шапан жабу – шығармашылық өлшемге жатпайды, алайда бүгінде осы рәсімдер ақындықтың басты белгісіндей қабылданады. Апта сайын немесе ай сайын ұйымдастырылатын жыр кештері өнерге қызмет етуден гөрі өзара мақтау мен көрініс жасауға көбірек ұқсап барады.

Поэзияның мақсаты – оқырманның жүрегіне жол табуы мен тыңдарманның ықыласы мен рухани әсері басты межеде болуы. Әйтсе де қазіргі үрдісте ақындығы жоқ ақындардың өздеріне тапсырыспен жазылған мадақ мақалалар, қолдан жасалған абырой, әлеуметтік желідегі бос дабыра алдыңғы қатарға шықты. Мұндай әрекеттер поэзияны биіктетпейді, керісінше, оның салмағын жеңілдетеді.

Жыл сайын жарық көретін әлденеше жинақтың тұсаукесері ақпарат құралдарында жарыса жарияланады. «Пәленше деген ақынның он бесінші жыр кітабы шықты», «Түгенше деген ақынның оныншы томы оқырманға жол тартты» деген хабарлар қалыпты құбылысқа айналды. Шынтуайтында, ол кітаптардың бірін де ешбір оқырман алып оқып жатқан жоқ. Есесіне, сан қуалаған осындай науқан шығармашылық сапаға деген талапты әлсіретіп, поэзиялық кітаптың құнын түсіріп отыр.

Осыдан кейін «поэзияны ешкім оқымайды» деп қынжылудың жөні бар ма? Оқырманды тәрбиелеу үшін алдымен сөзге деген жауапкершілікті күшейту қажет. Әр жинақ – рухани оқиға болуы шарт, кезекті есеп емес. Ал мемлекеттік тапсырыс аясында бұрыннан танымал, кейде шығармашылық тұрғыда тың жаңалығы жоқ есімдердің қайта-қайта жарық көруі жаңа буынның жолын тарылтып отыр.

Жас ақындар шетке ысырылып, әдеби ортада теңсіздік қалыптасуда. Бұл поэзияның дамуына кедергі келтіреді. Әдебиетке серпін беретін – жаңа үн, жаңа көзқарас, жаңа ізденіс. Егер осы үрдіс жалғаса берсе поэзия салтанатты кештердің сахнасында ғана қалып, өмірдің өзінен алыстай түспек.

Интеллектуалды поэзияны былай қойғанда, бүгінгі әдеби ортада қара өлеңнің өзін жатық, мінсіз жаза алмайтындар аз емес. Соған қарамастан оларды «ақын» деп танып, мінберге шығарып, кітаптарын қаптатып шығарып жүргеніміз тағы бар. Өлеңге деген талап төмендеген сайын сөздің салмағы да жеңілдей беретіні өкінішті.

Әсіресе, арнау деген ұғымның қадірі қашты. Кейбір жинақтарды ашсаң бет-бетімен «пәленше досыма», «түгенше ініме» арналған ұзын сонар жырлар өріп жүреді. Бұл кімге керек? Халыққа ма? Оқырманға ма? Әдебиет жеке қарым-қатынастың алаңы емес. Арнау – екінің біріне бұйыра бермейтін жанр. Оны Тұманбай Молдағалиев пен Жарасқан Әбдірашев деңгейінде игере алғандар ғана әдебиетке айналдырды. Ал көп жағдайда мұндай өлеңдер жинақты толтыру үшін жазылған, көркемдік салмағы жоқ жолдар болып шығады.

Жеке адамға арналған дүниенің оңаша жерде айтылғаны жөн. Оны кітапқа енгізу – поэзияға емес, өзара жарамсақтыққа қызмет ету. Мұндай әрекет өлеңге деген сенімді әлсіретіп, оқырманды поэзиядан алыстатады.

Тағы бір алаңдатарлық мәселе – әдеби дайындықтың жұтаңдығы. Қазіргі халтураға үйір ақындардың көбі әлемдік поэзияны айтпағанда, өзіміздің классиктерді де жүйелі оқымаған. Бунин, Есенин, Блок, Пушкин, Лермонтов, Гюго, Вольтер секілді алыптарды тану былай тұрсын, қазақ поэзиясының ХХ ғасырдағы ірі өкілдері де назардан тыс қалып отыр. Ақынмын деп кеуде кергендердің арасында Жароковтың поэтикалық қуатын жөнді білмейтіндер, Жұматай Жақыпбаевтың «Ләйласын» ашып көрмегендер, Сағи Жиенбаевтың жұпар жұмсақ жырларынан бейхабар жүргендер кездеседі.

Осы тұста Қадыр Мырза Әлидің «Ақынға керек ақыл көп» деген сөзі еріксіз еске түседі. Ақын үшін шабыттың өзі жеткіліксіз, оған терең дайындық, үздіксіз ізденіс және талғам керек. Поэзия тек өлең оқумен шектелмейді. Сөз иесі прозаны да, эссені де, әлем әдебиетін де меңгеруге міндетті. Өйткені ойдың кеңдігі мен тілдің байлығы оқудан қалыптасады.

Ізденіс жоқ жерде өсу болмайды. Ал өсуі тоқтаған поэзия қоғамға әсер ете алмайды. Егер біз ақындықты атақ пен атау, кітап санымен өлшеуді доғармасақ, өлең өз орнынан айырыла береді. Поэзияны сақтап қалудың жалғыз жолы – сөзге қатаң талап қою, ал талап ең алдымен кез келген қаламгердің өзінен басталуы міндетті.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.