Елімізде алғашқы атом электр станциясы салынатын орын анықталды. Аталмыш қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.
«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын таңдау туралы шешім қабылдау», – деп жазылған құжатта.
Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енді.
Фото: globalenergyprize.org





