Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Құқық құрығы қаншалықты ұзын?

27.12.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Құқық құрығы қаншалықты ұзын?
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасыр уытына қатысты қылмыс та өсіп, өңірде 173 дерек тіркелген. Былтыр бұл санаттағы қылмыстың саны небәрі 146 болған. Биыл облыстың құқық қорғаушылары есірткіге қатысты 2 ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған. Одан бөлек, есірткі затын өндіру бойынша 45 дерек, үлкен көлемде сақтау бойынша 14 дерек, есірткі бұйымдарын жарнамалау бойынша 11 дерек, анаша тұқымдастарды егу бойынша 12 дерек тіркелген.
Жалпы, аймақтағы қылмыстық ахуал 10 мың адамға шаққанда 42 заң бұзушылықтан келеді. Ал республикалық көрсеткіш 59 деген санның төңірегінде. Облыстағы қылмыстың жартысына жуығы Талдықорған қаласының еншісінде. Жерұйық мекендегі құқықбұзушылықтың 41,8 пайызы облыс орталығына тиесілі.

ЗАҢ ТАЛАБЫ –
ҚОҒАМ ҚАЛАУЫ

Заңның үстемдігін қалыптастыру құқық қорғаушылардың басым ұстанымы. Жетісулық тәртіп сақшылары «Заң мен тәртіп» ұстанымын халық арасында жете түсіндіруде. Алайда кей тұрғын «Тәртіпке бас иген құл болмасын» ұғынбайды. Мәселен, өңірде 1028 жол апаты тіркелген. Өсім айтарлықтай. Былтыр 652 жол-көлік оқиғасы орын алған еді. Есесіне опат болған адам саны азайған. Жыл көлемінде облыс құқық қорғаушылары 106,8 мың жол ережесін бұзу дерегін анықтаған. Өкініштісі, мас күйде көлік жүргізетіндер азаймай тұр. 2024 жылы спирттік сусын ішіп көлік жүргізгендердің ұзын саны 535 еді. Биыл бұл сан 10 пайызға артқан. Жынды суға сылқия тойғандар тек өз өмірін емес, маңайдағылардың да өміріне қауіп төндіретінін тәртіп сақшылары жиі айтса да етек-жеңді жиғандар аз. Жолда көлік жүргізу аса сақтықты талап етеді. Кейде смартфон сақтықтан айырады. Өңірде көлік жүргізу барысында телефон қолдану да бәсеңдемей тұр. Заң талабына «пысқырмаған» 3508 дерек тіркеліпті. Бұл жай ғана сан емес, бұл қауіпті ескермейтіндер. Алаңдаушылық бола тұра, елең қылмайтындар. Кейде смартфонға елеңдегендер жол ережесін де бұзып жатады. Мәселен, өңірде жүргінші жолағын ескермейтіндердің қатары көбейген. Биыл сол жолаққа мән бермегендердің ұзын саны 1181-ге жеткен. Былтыр жолақты пысқырмағандардың қарасы 974 болған. Осындай өсімнің нәтижесінде 263,5 көлік иелеріне айыппұл салынған. Шамамен 4, 225 млрд. теңге.

БАЛАМ – БОЛАШАҒЫМ

Елімізде адамнан және оның денсаулығынан құндысы жоқ. Бұл Ата Заңда анық көрсетілген. Ал әрбір адам өз ұрпағын бәрінен биік қояды. Баба жұрт «балам – болашағым» дегенді тегін айтпаса керек. Қуантарлық жайт, өңірде балалар мен жасөспірімдер қатысқан және оларға қарсы қылмыстар азайған. Биыл облыстың құқық қорғаушылары балалар мен жасөспірімдер қатысқан 34 қылмыс тіркелгенін алға тартып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 3 қылмысқа кем. Қазір облыстағы бейімдеу орталығында 86 бала бар. Оның 56-сы бақылаусыз және қараусыз қалғандар, 26-сы тұлдыр жетім. Ал 4 бала арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемесіне жіберілген.

Балалар мен жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыстың төмендегені байқалады. Мәселен, былтыр бұл санаттағы қылмыс саны 90-ға жеткен еді, биыл 81 қылмыс тіркелген. Әсіресе, балаларға жыныстық қолсұғылмаушылық қылмысының саны едәуір азайған.

Есесіне отбасылық-тұрмыстық қылмыс көбейген. Мәселен, былтыр шаңырақтағы қорлық-зомбылық құқықбұзушылық 137 мәрте орын алған еді. Биыл бұл қылмыс 30 пайызға өскен. Ең өкініштісі отбасылық жанжалда әлсіздердің зардап шегуі. Алайда жақынына зәбір көрсетпеуді қамтамасыз етуді көздеген арнайы заңды көп жұрт жете түсінбегендей.

Жалпы, «Заң мен тәртіп» тұғырнамасы қоғамда өз нәтижесін беруде. Оның айқын дәлелі – қоғамдық орында жасалатын қылмыстың төмендеуімен айшықталады. 2025 жылы халық көп шоғырланатын орындардағы қылмыс 15 пайызға төмендеген.

2025 жылы аймақта «Заң мен тәртіптің» салтанат құрған жылы болды. Оған айқын дәлел облыста қылмыс атаулы едәуір төмендеген. 2024 жылы 3 мыңнан аса заң бұзу фактісі тіркелсе, өткелі тұрған жылда бұл көрсеткіш 12,1 пайызға төмендепті. Ауыр қылмыс дерегі 50 пайызға, адам өліміне әкелген қылмыс 25 пайызға азайған. Алайда барымташылар мен интернет-алаяқтарының айы оңынан туғандай. Мәселен, 2024 жылы 94 мәрте мал ұрлығы тіркелсе, биыл бұл сан 2,1 пайызға өсіп, барымташылар 96 қылмысқа барған. Ғаламтордан халықты алдағандардың дерегі де 64,7 пайызға өсіпті. 2024 жылы бұл санаттағы қылмыс саны 334 болса, биыл 550 дерек тіркелген.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.