Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары жүйелі

24 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары жүйелі
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл санап Талдықорған қаласында жолдарға жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Осыған байланысты өткен жылы қолға алынған аймақтағы «Көктал» тұрғын үй алабының 37 көшесіндегі жол құрылысы 2026 жылы толық аяқталмақ.

Сала мамандарының сөзінше, облыс орталығына қарасты  Еркін ауылы «Көктал» шағын аумағындағы көше жолдарын жөндеу ісі  2024 жылы басталған болатын. Халықтың сұранысына сай Талдықорған қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қолға алынған жұмыстар келер жылы аяқталады. Жоспар бойынша ондағы 37 көшені жөндеу үшін жалпы 3,3 млрд теңге қаражат бөлініп, 22,6 шақырым жолды ретке келтіру көзделген. Соның ішінде биылғы жылы 7,6 шақырым болатын 8 көшені жөндеуге 974,7 млн теңге қарастырылып, қазірге 2 көшенің асфальт төсемі толығымен аяқталса, қалған 6 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Сонымен қатар, биылғы жылы Еркін ауылы және 3-ші бөлімше бойынша көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын да жалғастыру жоспарда.

 – ­Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Көктал тұрғын үй алабының Амангелді көшесіне ұзындығы 1,8 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынып, қолданысқа берілді. Аталған бағдарлама бойынша осыған дейін Еркін ауылындағы Момышұлы, Көктал тұрғын үй алабындағы Теректі және 3-бөлімшедегі Шұғыла көшелерінде балалар алаңы ел игілігіліне берілген еді. Осы барыста тағы Еркін ауылының Теміртекұлы және Көктал тұрғын алабындағы Ойтоған көшелерінде көптің бұқаралық спортпен шұғылдануына арналған воркаут алаңдары салынып, қазір бұл нысандар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар биыл Еркін ауылында 120 орынды мәдениет үйінің құрылысы басталады,– дейді жауаптылар.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы шаһарда 70 шақырымнан аса жол жөнделмек. Атап айтқанда, аймақтағы жаңадан бой түзеп келе жатқан Құлагер, Бірлік, Жастар-1 шағын аудандары мен Солтүстік-Батыс тұрғын үй алабындағы 107 жаңа көшенің 54 шақырымға жуық жолына құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, 21 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, орташа жөндеу бойынша 27,9 шақырым болатын 28 көшенің жол жамылғысын ауыстыру ісі қолға алынып,  17 шақырымнан астам жол ағымды жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, өңір тұрғындарының өтініштеріне сай, көшелердегі жол төсемін қалпына келтіру, шұңқырларды тегістеу де басты назарда. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жаңа жол салу, күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге жоғары. Жол құрылысы бойынша қолға алынған жобалар 2027 жылы толық аяқталып, қала ішіндегі 100 шақырымнан астам жол жөнделмек.

                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.