Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу өңірі жаһандық сауданың басты хабына айналуда

10 қаңтар 2026
КҮЛТӨБЕ
Жетісу өңірі жаһандық сауданың басты хабына айналуда
WhatsAppTelegramFacebook

«Алтынкөл» халықаралық темір жол стансысында жаңа экспорттық парк және «Алтынкөл-Жетіген» учаскесінде қосымша жолдар салынып, жаңғыртылуда.

Бұл «Алтынкөл» бекетінің өткізу қабілетін тәулігіне 20-дан 33 пойызға дейін, Алтынкөл-Жетіген учаскесінің өткізу қабілетін тәулігіне 18-ден 33 пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу пункті – еліміздің оңтүстік шығысындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы басты автокөлік өткелі. Қазіргі уақытта мұнда өткізу қабілетін арттыру, көлік ағынын оңтайландыру және цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Биыл «Нұр Жолы» өткізу пункті аумағында ірі габаритті көліктерге арналған ұзындығы 2,4 шақырым айналма жолдың құрылысы аяқталып, қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жолмен ірі габаритті көліктермен қатар жеңіл көлік құралдарын «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығына» бағыттау жоспарланған. Бұдан бөлек, бельгиялық SARENS халықаралық компаниялар тобының жеке қаражатына «Нұр Жолы» өткізу пункті аумағындағы екінші айналма жолы және ірі жүк көліктеріне арналған уақытша сақтау қоймасы мен жинақтағыш аймақ салу жұмыстары басталды. Бұл жобаның жалпы құны 8 млрд. теңге шамасында. «Нұр Жолы» өткізу пунктіне жақын маңда Қорғас-Алматы республикалық автомобиль жолы бойында «Каусар Карго» компаниясының халықаралық автовокзал мен сервистік орталық салу жобасы жүзеге асырылуда.

Vestnik19.kz

«Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» облыс әкімдігінің теңгеріміне өткеннен кейін орталықта ауқымды жұмыстар жасалды. Толық ревизия жүргізіліп, бұрын жұмыс істемей тұрған нысандар іске қосылды. Электр және кәріз жүйелері жаңғыртылды, газдандыру жүргізілуде, ішкі және кіреберіс инфрақұрылым айтарлықтай жақсартылды. Барлық басқару және өткізу жұмыстары толық цифрландырылып, Face ID жүйесі енгізілді. Нәтижесінде «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы» заманауи инфрақұрылымы бар, сауда мен инвестицияны дамытуға бағытталған тиімді алаңға айналды.

Бұрынғымен салыстырғанда орталықтың өткізу қабілеті айтарлықтай өсті. Келушілер саны екі есеге артып, күнделікті келушілер 2500-ден 5000 адамға жетті, сенбі, жексенбі және мерекелерде саяхатшылар саны 8000-нан асады, өткен жылғыдан бюджетке салықтық төлемдері 44 есе көбейді. Мәселен, бюджеттік төлемдер 2023 жылы 79 млн. теңге болса, былтыр 3,6 млрд. теңгеге жетті. 2025 жылғы өсу қарқыны 6,5 есені құрады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ашылған кәсіпорындардағы пайда болған жұмыс орындарының саны екі мыңға жуықтап, мұнда 63 млрд. теңгеге 32 жоба жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек 2032 жылға дейін тағы 34 жобаны іске асыру жоспарлануда. Халықаралық әріптестік негізінде 330 млрд. теңге жұмсалатын мың гектар аумақты қамтитын «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» компаниясының индустриялық паркінің құрылысы аяқталса мұнда салынатын 25-тен аса зауыт пен басқа да әлеуметтік нысандарда 2000-нан астам адам тұрақты жұмыс орнын табады. Сол сияқты «Envision KKS» компаниясының жел генераторлары мен энергия сақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысына 21 млрд. теңге жұмсап, онда 300 жұмыс орны жасақталады.

«SKYHANSA» компаниясының (Германия – Қазақстан) халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының құрылысына 250 млрд. теңге жұмсалмақ, онда 700 жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, ауданда тағы бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, шекара маңы аумағындағы көлік-логистикалық және сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Жібек жолын дамыту жөніндегі халықаралық «Шығыс қақпасы» серіктестігі жобасына 22 млрд. тенге жұмсалып, 300 жұмыс орны пайда болмақ. «SILK WAY ENERGY LTD» серіктестігінің сұйытылған газ өндіру, сақтау және тарату жобасына 135 млрд. теңге, сондай-ақ, құс шаруашылығы саласындағы «Jarkent Qus» серіктестігінің жобасына 168 млрд. тенге инвестиция тартылады.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Бүгін, 15:44
Қазақстанда энергетиктерді өндіру мен сатуға толық тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда энергетиктерді өндіру мен сатуға толық тыйым салу ұсынылды

Бүгін, 14:02
«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.