Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

20 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр ИБРАГИМОВПЕН кездесті.

Кездесу барысында Жетісу облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы меймандарға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, екі елдің ынтымақтастығы өңіріміздің дамуына оң әсерін тигізетінін айтты. Жалпы, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастың нәтижесі жаман емес. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 17 миллион АҚШ долларын құраған. 

– Жетісу облысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада жетекші орынға ие. Жер жаннаты Жетісу – аграрлы аймақ болғандықтан облыста өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің 65 пайызын, соның ішінде қант қызылшасы, жүгері, бидай, ет, сүт және басқа да өнімді өзіміз өңдейміз. Қазіргі таңда кремний, шойын, қорғасын-қышқылды аккумуляторлар, темірбетон бұйымдары, тас түйіршіктері, мәрмәр жоңқалары мен ұнтақ, шифер шығару жұмысы да жақсы нәтиже беруде. Жетісу өңірінің қолайлы геостратегиялық және геоэкономикалық орналасуы бар екенін ерекше атап өткім келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық автожолы мен автодәлізі аймақ арқылы өтеді. Жетісу – Қытай Халық Республикасы  шегарасында 5 кеден бекеті бар жалғыз облыс. Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы ықпал етеді. Ал туризм саласында Алакөл және Балқаш көлдерінің әлеуеті, экологиялық және тау туризмі де белсенді дамып келеді. Жалпы, облыста агро-өнеркә­сіп  кешенін, көлік-логистиканы, туризмді, баламалы энергетиканы және өнеркәсіпті дамытуды қамтитын 5 стратегиялық бағыт бойынша инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді облыс басшысы.  

Жетісуға алғаш аяқ басқан Бахтиёр Ибрагимов жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан дамуының басым бағыттарының бірі – туризм саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін мәлімдеп, ет экспорттауға да қызығушылық танытты.

– Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінің арасында жоғары деңгейде жақсы қарым-қатынас орныққан. Біз мәдениетаралық, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңірдің жақын орналасуы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады, – деді Б. Ибрагимов.

Жетісу өңіріне сапарын жалғастырған Төтенше және Өкілетті Елші бастаған ресми делегация Талдықорғанда іскер топпен кездесіп, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «Қорғас» ШЫХО, «Нұр жолы» автокөлік өткізу бекетінің жұмысымен танысады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.